Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дәнінен жемісіне дейін
Табиғат қорғаушылары
Тақырыбы: Дәнінен жемісіне дейін
Мақсаты:
Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышында еңбек әрекеттерін ұйымдастыру және күнтізбемен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Бақылау кезінде өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу жолын бақылауға еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дайындық жұмысы:
Табиғат бұрышына керекті құралдар. Өсімдіктердің өсуін көрсететін күнтізбе. Сабақтың ұзаруы, жапырақтарының көбеюі, мұртшалардың пайда болуы, жемістің өсіп шыққаны белгіленеді. Белгілі бір мерзімнен кейін, бұл өсімдіктерге тағы балалармен бірге бақылау жасалады.

Тақырыбы: топта жуа егеміз
Мақсаты:
Балаларға жуаны топыраққа және суда шығаратынын, одан кейін көк жуа өсетінің үйрету. Күнделікті су құю керек, қарау керек, тек сол кезде жақсы өседі. Ыдысқа жуа тұқымдарын отырғызып, көрсетіп үйрету. Еңбексүйгіштікке, талапты болуға тәрбиелеу.
Дайындық жұмысы:
Ыдыс, қара топырақ, су, жуа, күрекше.
Өткізу барысы:
Тәрбиеші жұмыс алдында жуа туралы жұмбақ айтады. Жуаның пайдасы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Дала әлі салқын, жуаны біз ыдысқа су құйып және қара топыраққа егеміз, күнделікті су құйып турамыз, жуаның өсуін бақылаймыз. Жуа өскен соң оны тағамға қосып жейміз.
Тәрбиешінің көмегімен
Сұрақ - жауап, әңгімелеп қорытындылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама