Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
2. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой - өрісін дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Т. Молдағалиев суреті, үлестірмелі карточкалар, бейнеролик, слайд.
Стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, кубизм, екі түрлі түсіндірме, бағалау,
бақылау, портфель.

Сабақтың өту барысы.
I. Қызығушылықты ояту сатысы. Слайд. (Табиғаттың әсем бейнесі)
Ой қозғау.
- Табиғат сөзін естігенде көз алдарыңызға не елестейді?

2. Мағынаны тану сатысы.
Бейнеролик.
Табиғат көрінісі мен гүлдер бейнеленген бейне фильмге назар аударайық.
Өлеңі - ақыл, сөзі - ән
Тұманбай біздің ағамыз
Бүгін біз Тұманбай ағамыздың «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.
Өлеңді жазатын адамды кім дейміз? Ендеше, алдарыңдағы қағазға Тұманбай ақын туралы білгеніңді қағаз бетіне тізіп жазайық
Тұманбай ақын
Туған жері: Алматы облысы
Туған жылы: 1935
Өлеңдері: «Көктем шақырады», «Құстар қайтып барады»

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. 20. 03. 35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959 - 1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970 - 1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.

3. Оқулықпен жұмыс.
«Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу.

4. Дәптермен жұмыс.
Балалар, енді өлеңнен не түсіндік соны байқайық

Өлеңде гүлге қатысты сөздерді жаз. (Қызыл, көк, тербеледі, жайқалады)
● Өлеңде гүлге қатысты емес сөздерді жаз. (Өрт, от, сәби)

5. Өлеңді сатылай кешенді талдау.
6.«Гүлдер» топтастыру.

7. Ойын «Гүлдер»
Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға
Жайқалған гүлдерді
Аялап отырдық.
(Қимыл іс - әрекет арқылы оқушыларға орындату.)

8. Топпен жұмыс:
1. Гүл туралы 5 жол өлең.
2. Гүлдердің пайдасы.
3. Біздің жерімізде өсетін гүлдер.

9. Сергіту сәті.
Тұманбай Молдағалиевтің «Құстар қайтып барады» әнін хормен шырқау.

10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау. «Менің сүйікті гүлдерім» тақырыбында эссе жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама