- 28 қыр. 2021 00:00
- 301
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер — медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы, айыр, алоэ, бәрпі, дәрмене, долана, лапыз, жуа, итмұрын, рауғаш, сүйелшөп, шәңкіш, қасқыржидек, қарғакөз, шәйшөп, шықшөп, т.б. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады.