Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ешкі

Ешкі — мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, кұйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен С. рrіsса түрі жатады. Ешкі — қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді.

Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес   (өзбек,   қазақ-қырғыз,   кавказ,   бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар.  Ешкі тоғыз-он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір — екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60-65 кг-ға дейін, ешкісі 40-60 килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20-28 кг ет, 4-6 кг май, жеті-он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450-550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8-4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15-18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз-қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 - 6 кг, ешкісінен 3 - 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 - 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама