- 05 нау. 2024 04:06
- 218
Дефис пен сызықшаны қолдану ережесі қандай?

Дефистің қойылатын орындары: 1) лексикалық мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөздер арасына: инженер - технолог, батыр - ұшқыш; 2) қос сөздердің арасына: ел - жұрт, алай - дүлей; 3) сөзді тасымалдағанда; 4) реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзімен қатысты сөзбен араларына дефис қойылады: 3 - жыл, 5 - рет, 7 - сынып; 5) - ақ, - ау, - мыс, - ды демеуліктері тіркескен жағдайда: айтады - мыс, келмеді - ау; ғ) қосымшаларды ерекшелеп көрсетуде: - ған, - ген, - мын, - мін; 6) екі сөзден тұратын фамилияларда, адам аттарында: Тұрсын - заде, Салтыков - Щедрин т. б. Дефис қойылған кезде екі жағынан бос орын (пробел) тастамай жазылады.
Қазіргі кезде «сызықша» атауы «тире» сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр. Дұрысында, - ша/- ше қосымшасы кішірейту мәнін білдіреді (қалташа, күртеше, қалақша т. с. с.). Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес «сызықша» атауын «дефис» сөзінің баламасы ретінде, «сызық» атауын «тире» сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады деп есептейміз. Бұлайша атау терминнің нақтылық, айқындылық, уәжділік сияқты негізгі талаптарына да сәйкес келер еді.
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл - оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.
Р. Сыздықова сызықшаны қолданудың он жердегі орнын былайша көрсетеді:
1. Сызықша бастауышпен баяндауыштың арасына қойылады.
2. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.
3. Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады.
4. Диалог төл сөздің алды - артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады.
5. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады.
6. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады.
7. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады:
Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе ― денесі зілдей ауыр екен. (С. М.)
8. Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады.
9. Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестерден кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша қойылады.
10. Мекен, уақыт, сын шектестігін білдіретін сөздердің арасына сызықша қойылады.