Photo: Miguel Á. Padriñán (https://www.pexels.com/@padrinan) / Pexels
- 10 нау. 2026 07:30
- 24
Демалыс күні доллар 500 теңгеге жақындады: Валюта бағамындағы өзгерістер
Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы демалыс күндері 500 теңгеге жақындады. Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 492 теңгеден сатып алынып, 499 теңгеден сатылуда. Еуро 568,90 теңгеге сатып алынып, 579 теңгеге сатылса, Ресей рублі 6,15 теңгеден алынып, 6,45 теңгеден ұсынылуда.
Еліміздің қаржы орталығы Алматыда жағдай сәл өзгеше. Мұнда доллар 492,94 теңгеден сатып алынып, 495,36 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы сатып алу кезінде 571,62 теңге, сату кезінде 577,10 теңге болса, рубль 6,24-6,36 теңге аралығында саудалануда.
Шымкент қаласында долларды 493 теңгеден сатып алып, 495,1 теңгеден сатуға болады. Еуроның құны 571,29 теңгеден (сатып алу) 577,40 теңгеге (сату) дейін жетеді. Ал рубль 6,25-6,33 теңгеден сатылуда.
Демалыс күндеріне арналған Ұлттық банк бекіткен ресми бағам бойынша, бір доллар – 493,85 теңге, еуро – 571,78 теңге, ал рубль – 6,25 теңге болып белгіленді.