Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дені саудың жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың жаны сау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрнекіліктері: слайдтар, сөзжұмбақ, т, б
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі біздің « Дені саудың – жаны сау» тақырыбында өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болса, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әр кім өз денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруларды ағзаға жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің сол гүлге түседі. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша жарық сәулесін шашатын, өмірдегі ең басты байлық не?
Оқушылар: Денсаулық.
М: Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жүргізу қажеттігін атап көрсетті.
Салауатты өмір салты

• Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасы
• Зиянды әдеттерден аулақ болу
• Денсаулықты сақтау нығайту, спортпен шұғылдану
• Бос уақытты тиімді пайдалану

Ақбота:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Ақжол: Дені саудың – жаны сау
Денсаулық сенің байлығың
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң
Аяулым:
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді; жақсылыққа жетерсің.
Аружан: Шынығамыз, тынығамыз,
Салауатты өмірге.
Қанаттанып, талаптанып,
Болашаққа біз бірге.
М: Зиянды әдеттер дегеніміз не?
Зиянды әдеттер: Есірткі, ішімдік, темекі.
М: Олай болса мына бір көрініске назар аударайық.
Көрініс: «Шылым шегудің пайдасы»
Автор: Сахнаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады.
Балалар: Сен кімсің? Қайдан шықтың?
Темекі: Мені танымайсыңдар ма? Мен темекімін. Мен күштімін. Менің пайдам өте көп. Мені тек мықты балалар ұстайды. Кәне, менмен кім дос болғысы келеді.
Автор: Балалардың қолына бір - бір темекі ұстатылады.
Балалар: - Дос болайық темекімен,
Мықты бала боламыз.
Ең бастысы пайдасы оның өте көп екен.
Автор: Балалар темекіні айнала қоршап қол алысады.
Балалар: Темекі шегіп үйренейік.
Осыны байқап отырған ақ сақалды қария:
- Уа, балалар, маған құлақ салыңдар! Темекі шегудің тек үш пайдасы бар. Біріншіден, кімде - кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.
Балалар: Неліктен? Неге?
Қария: Себебі, ол қартаюға үлгермейді де. Темекі шеккен адам өмірден тым ерте кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді.
Балалар: Неліктен?
Қария: Себебі, кімде - кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы төсекте төңкеріліп аударылып жатады, және күндіз – түні күркілдеп қатты жөтеліп шығады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін есітіп, үйге жақындай да алмайды. Кімде - кім темекі шексе, оны ешқашан ит қаппайды.
Балалар: Қалайша оны ит қаппайды?
Қария: Себебі, темекі шегетін кісі ерте жарым - жан болып қалады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді. Ал, таяғы бар адамға қарағым, ең қабаған ит те жоламайды.
Автор: Қарт қулана күледі.(Балалар темекіге қолын сілтеп кетіп қалады.)
М: Арақ ішу, темекі тарту, есірткіге бой ұру, мұның бәрі де адамның денсаулығына зиянды заттар. Күні кешегіге дейін нашақор деген атау қазақ ұғымында болған емес Маскүнемдік те бізге жат еді. Ластықтан жиіркенетінбіз. Салауатты өмір сүрудің басты шарты – темекі, нашақорлық, маскүнемдіктен арылу. Маскүнемдік, темекі, нашақорлық
ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама