Денсаулық – зор байлық
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№1 Д. А. Қонаев атындағы мектеп - гимназия
Кокобаева Б. Р.
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсінеді.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға үйренеді.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, презентация т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
топқа бөлу: І топ - " Денсаулық "
ІІ топ - " Тазалық "
ІІІ топ - " Дәрумен "
топ міндеттерін бөліседі.
топ ережесін еске түсіреді.( 2 - мин )
психологиялық дайындық: әр топ бір - біріне " Тілек шоғын "ұсынады.( 1 - мин )
ІІ. Ой қозғау кезеңі:
( Әр топқа доп лақтыру арқылы сұраймын, оқушыларды смайлик арқылы формативті бағалаймын).
І топ. Ол судан қорқады, одан кір қорқады?(сабын)
ІІ топ. Тіс тазартатын құралдар? (тіс щеткасы мен паста)
ІІІ топ. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ? (дене тәрбиесі)
Мұғалімнің сөзі:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық – зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Әр топтың топ басшысы келіп, қобдишадан 2 үлестірмелік кеспені алады.
Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
5. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
6. Дені сау болу үшін дәрумендер қажет пе?
Әр топтан бір оқушы жауап береді. (5 - 7 мин)
Мұғалімнің сөзі:
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы демекші,- бүгінгі тәрбиелік іс - шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз - деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
ІІІ. Ой толғау кезеңі
Топтық жұмыс:
І топ - " Денсаулық - зор байлық "
ІІ топ - " Тазалық денсаулық - кепілі "
ІІІ топ - " Дәрумен " тақырыптары бойынша суреттер және берілген сөздерден " Топтастыру " әдісін пайдаланып, Постер құрады.( 5 - мин )
орындағында стикері бар оқушы Постерді қорғайды. (3 - мин)
(бағалаймын).
ІV Көрініс: «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
(есік қағылады. Ішке бала кіреді).
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2 - 3 - терде ұйықтаймын, 11 - де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады?
Себебін айтып, кеңес беріңдер.( оқушылар өз ойларын айтады )
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек.
әр топқа күн тәртібі жазылған үлестірмелі кеспелерді беремін, ретімен тақтаға магнитпен жабыстырады.( 5 - мин)
(бағалаймын).
V. Шығармашылық жұмыс:
Мұғалім: Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
( әр топ кем дегенде 5 мақал - мәтелден айту керек, жеңген топты смайлик беріп, мадақтаймын.)
1. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2. Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5.. Ауру атанды да шөктірер.
6. Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
7. Бас ауырса жан қорқады.
8. Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
9. Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10. Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
11. Өліспеген көріседі.
12. Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.
13. Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14. Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15. Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
16. Емнің алды - еңбек.
17. Ауру желмен келіп, термен шығады.
18. Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
19. Азған денеге ауру үйір.
20. Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады. (3 - 4 мин)
(бағалаймын).
VІ. Сергіту сәті: бейне үзіндіге қарап жаттығу жасайды. ( 2 - мин)
VІІ. " Жүйрік болсаң, шешіп көр"
o Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік:
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір - ласың,
Тап - таза боласың. (Сабын)
o Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
o Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
o Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
қатар - қатар тізілдік,
Кезек - кезек үзілдік. (Тіс)
( тағы жұмбақ қос ) (3 - 4 мин).
(бағалаймын).
VІІІ. " Кім көп біледі? "
Мұғалім: мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Ал, балалар кім көп спорт түрлерін біледі екен? (әр топтан бір оқушы шығып, жауап береді, көп жауап берген оқушыны мадақтап, смайлик беремін).
(бағалаймын).
Мысалы: Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол, у - шу, дзюдо, айкидо, таэквондо, «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».
Мұғалім: Олай болса, кезекті спорттық сайыстарға берелік.
Қол күрес – білек күштерін сынау.
( әр топтан ұл балалар шығады, жеңген оқушыны мадақтап, смайлик беремін).
(бағалаймын).
Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулық сөзінің мағынасын ашайықшы:
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамның арқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.
( Әр топты мадақтап, белсенді топты атап өтіп, үш топқа да смайлик беремін).
Мұғалім: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер!. Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
- Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!