Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дербес компьютердің құрылысы және даму тарихы
Тақырыбы: «Дербес компьютердің құрылысы және даму тарихы» бөлімі бойынша қорытындылау
Сабақтың мақсаты: Алған білімдерін тиянақтап бекіту.
Сабақтың түрі: ойын
Сабақтың көрнектілігі: Дидактикалық материалдар және бекіту сұрақтары. Қоңыраулы электрлік шамдар. Компьютердің даму тарихы тақырыбында плакаттар. Дербес компьютердің суреттері салынған плакаттар мен планшеттер
Ойын бөлімдері:
• Сұрақ - жауап
• Құпия жәшік
• “Бұл кім, бұл не?”
• Сөзжұмбақ

Сабақты өткізу шарты
- Сабақты өткізу үшін оқушыларды 2 топқа бөлеміз;
- топ оқушыларынан 2 есепші, бір көмекші сайлаймыз.
- әрбір топтың бірінші болып жауап беруге қызыл жалаушаны көтеру керек.
- мұғалімде алдын - ала дайындалған бекіту сұрақтары болады.
- әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі және тақтаға жазылып өзгертіліп отырады;
- Екі топтан алғашқы боп 6 ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

ӘР СҰРАҚҚА - БІР ЖАУАП»
Бұрын өтілген оқу материалын еске алу. Сұраққа ойлануға тек қана 1 минут.
Әр оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын, өз бетінше дамуын, ойын тез арада тұжырымдап айтуын да шыңдай түседі.
1. ЭЕМ - нiң даму тарихы неше буынға бөлiнедi, оларды ата қандай жылдар аралығы?
I буын - 1940 - 1955жж/электронды шамдар қолданылды/
II буын - 1955 жылдан бастап /жартылай өткiзгiштер - транзисторлар қолданылды/
III буын - 1960 - 1970жж дейiн /интегралдық схемалар қолданылды/
IV буын - 1970 жылдан бастап /дербес компьютерлер жасалды/
V буын -/кәдiмгi адам тiлiнде сөйлейтiн «жасанды интеллект» ЭЕМ - дерi болуы керек/
«1. Сұрақ - жауап»
1. 1846 ж Бэббидж машинасына программа жазған кім?
2. ЭЕМ даму тарихы неше буыннан тұрады?
3. 1 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
4. 2 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
5. 3 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
6. 4 - буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
7. Ақпараттың түрлері?
8. Енгізу құрылғыларына не жатады?
9. Шығару құрылғыларына не жатады?
10. Есте сақтау құрылғыларына не жатады?
11. Ақпаратты өңдеу құрылғыларына не жатады?
12. ЭЕМ - нің жалпы жады қанша түрге бөлінеді?
13. Сыртқы жадына не жатады?
14. Ішкі жадына не жатады?
15. Файл дегеніміз не?
16. Принтерлердің түрлері
17. ЕТ кабинетінде өз бетінше жұмыс жасайтын оқушы қандай ережені толығымен меңгеруі тиіс?
18. Көзбен монитордың ара қашықтығы неше см болуы қажет?
«Құпия жәшік»
Бұл құралдың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак», қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? /Есепшот/
«Бұл кім, бұл не?»
1. 1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын құрастырған қай елдiң ғалымы, ол кiм, сол кезде неше жаста болды?
Француз матиматигi Блез Паскаль он тоғыз жасында
2. Информатика деген не?
Ақпараттық процестерді зерттейтiн ғылым информатика деп аталады.
3. Ақпараттық процесс дегенiмiз не?
Ақпаратты сақтау, өңдеу, жеткiзу ақпараттық процесс деп аталады

4. Бағдарлама арқылы басқарылатын қазiргi компьютерлерге өте ұқсас құралдары бар есептеуiш машина қалай аталды, жобасы қай жылы жасалды?
Аналитикалық машина, 1833 жылы
5. Қазiргi компьютердің атасы кім?
Чарлз Бэббидж
6. Қазiргi кезде әр оқушының қолындағы калькулятордың негiзiн салғандар кiм, қай елдiң өнертапқыштары?
Орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер
7. 1694 жылы атақты немiс математигi Лейбництiң құрастырған механикалық есептеу машинасы қалай аталды?
Арифмометр
8. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы 1947 - 48 жылдары бiрiншi ЭЕМ - дi жасауға басшылық еткен кiм, толық аталуы қалай?
Сергей Алексеевич Лебедев, МЭСМ /малая электронная счетная машина/
9. Ең бiрiншi электоронды есептеуiш машина қайда қашан жасалып, қалай аталды, салмағы қанша боды?
1946 жылы Ақыш - та Пенсильван университетiнде,
ENIAC, салмағы 30 тонна
10. 1944 жылы американ математигi Говард Айкен құрастырған автоматты бағдарламамен басқарылатын есептеуiш машина қалай аталды, қайда жасалды?
МАРК - 1, Гарвард университетiнде
11. Ең алғашқы бағдарламалаушы кiм?
Ада Лавлейс
12. Байт, бит деген не, олардың өзара қандай байланысы бар?
Ақпараттың өлшем бiрлiктерi
8 бит= 1 байт
13. Компьютер құрамына кiретiн негiзгi құрылғылар?
Жүйелi блок, монитор, принтер, маус, сканер, модем, пернелiк тақта, мультимедиа колонкасы
14. Қазiргi дербес компьютерлер қай буынға жатады?
IV буынға жатады

Сөзжұмбақ.
Көлденеңінен:
5. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық - машинаның авторы.
7. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам.
8. Лейбництің механикалық санау машинасы.
10. ЭЕМ - нің II буынының элементтік базасы.
Тігінен:
1. Біздің елдегі бірінші ЭЕМ.
2. Бірінші электрондық компьютер.
3. Гректердің ежелгі санау құралы.
4. Санау – перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы.
6. Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы объектілерді басқаратын құрылғы.
9. ЭЕМ - нің I буынының элементтік базасы.

Қорытынды:
Жеңіске жеткен топты марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама