Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дыбыстардың құрамы. Біздің колледж
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың құрамы. Біздің колледж
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Білім алушыларды сызбаны, сөз тіркестерін пайдаланып, мәтіннің мазмұнын ашуға үйрету.
2. Дамытушылығы: тез ойлау, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Ақыл – ойын, білімге ынтасын дамыту, сөздік қорын байыту.
3. Тәрбиелілігі: Білім алушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тілді құрметтей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақты оқыту әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: әріптер, тірек сызба, суреттер, әліпби

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, себебін анықтау
Б) Оқушылардың Құрал – жабдықтарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау:
а) Рәміз дегеніміз не?
б) Елтаңба, әнұран туралы не білесіңдер?
3. Жаңа сабақ материалы:

Алфавитті біліңдер,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.
Ана тілің - біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
(Қ. Мырзалиев)

1 – аялдама – «Дыбыстар әлемі»
2 – аялдама – «Әңгімелесу төбесі»
3 – аялдама – «Ойын ой шақырады»
4 – аялдама – « Мәтін сөйлемнен құралады»
5 – аялдама – «Фонетика тауы»

- Саяхатқа дайынсыңдар ма?
1 – аялдама – «Дыбыстар әлемі»
Тақтада ерекше дыбыстар ілінген: Ә, Ө, Ү, Ұ, Қ, Ғ, Ң, Һ, Ы, І.
Әріптерге байланысты сөздер сосын мәтін құрастыру «Біздің колледж».

2 – аялдама –«Әңгімелесу төбесі»
Тақтадағы суреттерге қарап, білім алушылар бір – бірімен сұрақ – жауап әдісі бойынша әңгімелеседі.
Колледждің суреті.
- Мынау не? – Мынау мен оқитын колледж.

3 – аялдама – «Ойын ой шақырады». « Қай әріпті жазатын»
С А*А Т
Ж А П*Р А*
Ш А * Ғ Ы
Ж И * А З
Т* Л К*
*К*

4 – аялдама – « Мәтін сөйлемнен құралады»
«Біздің колледж» сызбасын толтырыңдар
.......
5 – аялдама – «Фонетика тауы» Өткен тақырыптар бойынша қандай өлеңдер, әндер білесіңдер.

4. Бекіту:
Ерекше дыбыстарды атай келе сөз, сөйлем, мәтін құрастырып оқу.

5. Қорытындылау:
1. Қазақ әліпбиінде неше дыбыс; әріп бар?
2. Өз оқу орның туралы не білесің, не айта аласың?
6. Бағалау:
7. Үйге тапсырма беру: Дыбыстардың құрамын жаттау. Сөздерге фонетикалық талда жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама