Photo: Francesco Ungaro (https://www.pexels.com/@francesco-ungaro) / Pexels
- 12 нау. 2026 15:31
- 31
«Димаш Құдайбергеннің әкесі мені сотқа берді»: Тиктокердің мәлімдемесі желіні шулатты
Әлеуметтік желіде, әсіресе TikTok платформасында қазақстандық жұлдыздарға қатысты сын айтып, кейде тіпті балағаттап жүрген Берік Сәбитұлы атты тиктокер Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың өзіне сотқа талап арыз бергенін мәлімдеді. Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Берік Сәбитұлы Димаш Құдайберген, Сәкен Майғазиев және басқа да танымал өнер адамдары туралы бейнежазбалар жариялап, оларға қатысты ауыр сөздер айтқан болатын. Өз сөзінде тиктокер Қанат Айтбаевтың өзімен тікелей байланысқа шығып, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырыспағанын айтып, олардың «қорқақтығын» сынға алды.
Сотқа бергені рас па?
Берік Сәбитұлының айтуынша, Қанат Айтбаев оны сотқа берген. «Мені Димаштың әкесі сотқа беріпті. Димаш деген алаяқ, сатқынның әкесі мені сотқа беріпті. Маған тікелей хабарласып, сөйлессе, мен жаңағы видеоны алып тастар едім. Бірақ олар менімен келісімге келмеді. Олар өте қорқақ. Мені сотқа берген. Бұл жігіттікке жатпайды», – деді ол.
Тиктокер сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің әлі үйленбеуіне оның «қызы» екенін себеп етіп, тағы да әншінің атына ауыр сөздер айтты. Бұл мәлімдемелер әлеуметтік желіде әртүрлі пікірлер тудыруда.