Photo: www.kaboompics.com (https://www.pexels.com/@karola-g) / Pexels
- 28 ақп. 2026 06:00
- 23
Динара Сәтжан жас көріну сырымен бөлісті: «Өз жасушаларымды бетіме саламын»
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің жас көрінуінің құпиясымен бөлісті. Ол заманауи косметологиялық процедураны қолданатынын айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа тұлғаның айтуынша, ол «Anti-age» процедурасын қолданады. Бұл әдіс бойынша, адамның өз жас жасушалары алынып, қайтадан бетке қолданылады.
Жас жасушаларды қатырып, бетке салу
Динара Сәтжанның айтуынша, бұл процедураны екі ай бұрын жасаған. Оның құлағының артынан ет кесіп алынып, жас жасушалары жинақталған. Бұл жасушалар арнайы қатырылып, сақтаулы тұрған. Енді оларды бетке қолдануға дайын.
«Көбісі менің бетімді тартты деп ойлайды. Бірақ мен ондай жасанды әрекеттерге бармадым. Егер жасасам, міндетті түрде айтар едім. Бұл процедура бетті жылтыратады, жасартады және қартаю процесін тоқтатады. Бұл – терінің өз жасушаларымен жасару», - деп түсіндірді ол.