Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 минут бұрын)
Дінбасы Саят Медеуовті мұсылман зиратына жерлеуге болмайтынын айтты

Әлеуметтік желіде «Холид» лақап атымен танымал дінбасы, әнші Саят Медеуовтің QazaqAiran арнасына берген сұхбатына қатысты пікірін білдірді. Ол Медеуовті мұсылман зиратына жерлеуге болмайтынын айтып, үндеу жасады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дінбасының пікірі

Саят Медеуов сұхбатында дін және діндарлар туралы өткір пікір айтып, қоғамды адастырып жүрген кейбір діндарларды заңмен жазалау керектігін айтқан болатын. Әншінің бұл сөздері дінбасы Холидқа ұнамай қалды.

«Бұл кісі өзінің сенімін айтуда, дұрыс. Біз зайырлы қоғамда өмір сүреміз. Бірақ ол «сендердің діндерің өтірік, пайғамбарың ешкім емес. Сендер мұсылмандар арабқұлсыңдар» деп айтып жатыр. Енді біздің мұсылмандардың мойнындағы міндет – бұл кісіден сұрауы керек, «өлгеніңде мұсылманша жерлейік пе» деп. Бұл кісі де қазірден «мен өлгенде мұсылманша жерлемеңдер» деп айтуы керек», - дейді Холид.

Екіжүзділікке жол жоқ

Дінбасының айтуынша, Асанәлі Әшімов пен Марат Оспанов сияқты тұлғалар да дінге қатысты өткір пікірлер айтқанымен, өлгенде мұсылманша жерленген. «Ондайларды өлгеннен кейін арулап жерлеп керегі не? Олар Аллаға сенбейді, пайғамбардың шапағатшы болатынына сенбейді ғой. Сондықтан екіжүзділікті қою керек. Егер қазір мынаның орнында қарапайым біреу болса, «ой оны көмбеу керек», «ол тәңірші» деп шығатын еді. Мынау да сондай ғой», - деп қосты Холид.

Ол әншілер мен актерлерді исламда сыйламайтынын айтып, сондықтан бұл кісілерді мұсылман зиратына жерлеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Жаңалықтар

Жарнама