Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дінтану мамандығы

Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады. Барлық оқытушылар діни білімге, діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды. Зайырлы ғылымның тақырыбы мен мазмұны атеистік немесе дінге қарсы емес. Университетте оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.

Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті боласыздар. Қазір әлемдік деңгейде дін шиеленіске жағдайда екені мәлім. Сондықтан, мемлекетке дінтанушы мамандардың жанжалға қарсы тұрақтылығын қалыптастыруға, сонымен бірге жастар ортасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу принциптеріне, этносаралық және конфессияаралық бейбіт пен келісімге құштарлыққа, диалог жасауға дайын болуына негізделген этномәдени өзара құрметтеудің дүниетанымын және рухани -адамгершілік атмосфераның қалыптасуына ықпал етеді деп қарастырылған. Өз жолыңды өзің таңда, жас түлек!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Философия және саясаттану факультетінің 3-курс студенті Еркінбай Тынышай Қуанышқызы.
Аға оқытушы:Мұқан Нұрзат
Практика жетекшісі:Елнұр Әскенұлы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама