Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дінтану мамандығы

Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

Мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады:

- Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;

- ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;

- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және тағы да басқа салаларда.
Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.

Барлық оқытушылар діни білімге, діни әдет ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды.

Зайырлы ғылымның тақырыбы мен мазмұны атеистік немесе дінге қарсы емес. Университетте оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 4 курс студенті Ораз Ботагөз 
Практика жетекшісі: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы: Сарсембаев.Р.М


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама