Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дінтану маманы - қоғам сұранысы!

Қоғамның сұраныстары мен мемлекеттік талаптарға сай мамандықты даярлауды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы жылдан астам еңбек етуде. Мамандарды даярлаумен қоса кафедраның оқытушы профессорлық ұжымы ғылыми зерттеулерін жетілдіріліп отырады. Мемлекетіміздің діни ақуалы сараптауға, дәстүрлі діндер және жаңа діни ағымдардың қоғамдағы орнына баға беруде, заң жобаларын жетілдіруге қатысты кафедра ғалымдары ғылыми  ұсыныстары жоғары бағаланады.

Мамандарды даярлауда оқытылатын пәндер еліміздің рухани құндылықтар жүйесін құрайтын әртүрлі діни сана мен дүниетанымды, ар-ождан еркіндігі мен оның қорғалуы, діннің  мәні туралы білім беріп, әртүрлі діни, атеистік тағы басқа көзқарасты ұстанатындаға толерантты және сыйластықпен қарауға тәрбиелейді. Бұл Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларымен үйлесімділік табады және дінге қатысты халықаралық және мемлекеттік құжаттардың талаптарына сай келеді. Сонымен қатар пәнді оқыту барысында қазіргі мем­лекеттік-кон­фессиялық байланыстырды жетілдіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік органдар мен діни қауымдастың ортасындағы үнқатысуды жетілдіру, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру саясаты басты талап болып табылады.

Қазіргі уақытта дінтану мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, қажеттілік ететін мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностықсипатын ескере , соған қатар ұлттық діни мұраны сақтап қалу үшін  қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар үлкен сұраныста. Мемлекетке  дінтанушы мамандардың шиеленсістерге қарсы тұрақтылығын бейімдеуге, сонымен бірге жастар ортасында адамның құқықтары мен еркіндігін құрметтеуге , этносаралық және конфессияаралық бейбіт пен келісімге құштарлыққа, рухани - адамгершілік атмосфераның қалануына әсер етеді. Сол себептен дінтану мамандары ол қазір қоғамның сұранысы.

әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті Бекболат А аға оқытушы Қаңтарбаева Ж.У.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама