Photo: Anastasiya Gepp (https://www.pexels.com/@anastasiya-gepp-654466) / Pexels
- 14 нау. 2026 04:00
- 27
«Дженнифер Лопеспен қатар баннерде тұрдық»: Анара Батырхан Голливудты бағындырды
Танымал актриса, тележүргізуші және TikTok контент авторы Анара Батырхан әлеуметтік желі арқылы алған халықаралық мүмкіндігі туралы бөлісті. Ол TikTok платформасының арқасында АҚШ-қа жолдама алып, Лас-Вегаста өткен TikTok Life Fest шарасына қатысқан.
Бұл сапар Анара үшін әлеуметтік желідегі еңбегінің зая кетпегенін дәлелдеген ерекше сәт болды. Ол Лос-Анджелестен Лас-Вегасқа дейін барғанда, қаланың жарнама баннерлерінде өзінің суретін көргенде таң қалған.
«Қалаға кірген кезде үлкен баннерлерден TikTok Life Fest фестивалінің жарнамасын көрдік. Сол баннерлерде біздің де суреттеріміз тұрды. Дженнифер Лопес, Карди Би, Марк Энтони секілді әлемдік жұлдыздардың қатарында біздің де бейнеміз ілініп тұр екен. Қаладағы түрлі ғимараттардан өз суретімізді көргенде ерекше әсер алдым. Сол сәтте “міне, дәреже” деп ойладым. Екі жыл бойы TikTok-та отырғаным бекер емес екен», – деп бөлісті Анара Батырхан.
Актрисаның айтуынша, бұл сапар оған үлкен мотивация беріп, әлеуметтік желінің жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын тағы бір мәрте көрсеткен.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.