- 05 нау. 2024 02:53
- 137
Допты беру және алып жүру
Допты беру және алып жүру
7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға допты беру, ұстау және алып жүру әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуі, жылдамдық ептілік қасиеттерін арттыру және батылдық тез шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Доптар, ысқырық секундомер, кеглилер
Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлім (15 мин)
Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, спорттық киімдеріне назар аудару. Техника қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсат - міндеттерін хабарлау. Оқушыларды сапқа тұрғызып оңға, солға айнал дейтін бұйрықтарды дұрыс орындауға жаттықтыру. Бір мезгілде бұрылуды бірнеше рет қайталап орындату. Қол белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Қолды желкеге қойып өкшемен жүру. Бірқалыпты жүгіру. Арнайы жаттығулар тізені жоғары көтеріп жүгіру, оң (сол) жанымен секіріп жүгіру; теріс қарап жүгіру; адымды кең ашып жүгіру. Шеңбер жасап тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын жасату. Арнайы сабақ тақырыбына байланысты жаттығулар жасату.
Оқушылардың сапта тұруына спорт киімдеріне тәртіптеріне бұйрықты дұрыс орындауларына назар аудару. Жаттығу жасау кезінде ара қашықтықты сақтауын және жаттығуларды дұрыс жасауын қадағалау. Жаттығу барысында оқушылардың қателіктерін ескертіп түсіндіріп айту.
ІІ. Негізгі бөлім (25минут) Тақырыбы: Баскетбол допты беру және алып жүру.
Допты екі қолмен кеуде тұсынан беру.
Допты екі қолмен төменнен беру.
Допты ұстау.
Оқыту әдістері.
1. Допты бір орында тұрып ұстау мен беру.
Мұғалім ортада тұрып, шеңбер бойындағы әрбір оқушыға кезекпен доп лақтырады. Ол ұстаған бетте допты қайта мұғалімге лақтырады.
Оқушыларды санамақ арқылы екі топқа бөліп қарама - қарсы екі қатарға тұрғызып, допты қарсы тұрған әріптесіне лақтырып, оның лақтырған добын ұстап келесі қарсыласқа лақтырып береді. Біртіндеп қатарларды бір – бірінен алшақтатып, лақтыру қашықтығын өсіре берген жөн.
2. Қозғалыс үстінде допты лақтыру мен беру.
Оқушылар алғаш өте қарапайым жаттығулар орындайды олар шеңбер жасап тұрып сағат тілінің бағыты мен және оған керісінше жүреді, ал мұғалім ортада тұрып допты әрбір оқушыға кезекпен лақтырады, оқушы өзі меңгерген беру әдістерін бірімен оны мұғалімге қайтарып лақтыру жаттығуларын орындайды. Шеңбер бойымен өздері жүгіріп жүріп допты бірі - біріне беріп тосып алып келесі ойыншыға жалғастыру жаттығуын орындатамыз. Осыдан кейін допты еденге соғып алып бара жатып ұстау мен беру тәсілдерін үйренеді. Бұдан соң осы тәсілдерді жүгіріп бара жатып орындауды үйренеді.
3. Допты алып жүру.
Оқушыларға көбіне допты оң және сол қолмен алып жүруді үйреткен жөн. Үйретуді допты баяу қарқынмен алып жүруден бастау керек. Содан соң оқушыларға допты дәл алып жүруді, кеглилердің арасымен алып жүру жаттығуларын орындату. Қисық ирелеңдеген бағытпен алып жүруді үйрету керек. Соңынан ереже бойынша баскетбол ойынын ойнату.
ІІІ. Қорытынды бөлім. (5 минут)
Сапқа тұрғызу.
Дене қызуын бастапқы қалыпқа түсіруге арналған және тыныс жолдарына әсер етуші жаттығулар жасату.
Сабақты қорытындылау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма
Доппен жаттығу жасау
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№ 29 Александр Герцен орта мектебі
Елеуов Бердібек Нұрланұлы