Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дос ақысы!

Мұсылманның міндеттерінің бірі — дос ақысына мән беру. Сондықтан үнемі салих және жақсы адамдармен достық құру керек. Өйткені жаман дос өте зиянды. Барлық жамандықтардың басы жаман дос болып табылады. Жаман дос дүниеде де, ахиретте де бақытсыздыққа ұшырауға себепші. Бақытсыздыққа тап болмау үшін дос таңдауда мұқият болу керек. Адамның діні досының дініндей, адамның бақыты және пәлекеті де достық құрған адамға байланысты. Дос таңдауда мынандай маңызды қасиеттерге көңіл бөлу керек:

1) Иманды және ақылды,

2) Жақсы мінезді,

3) Жаман істерге қол ұрмайтын,

4) Өтірік айтпайтын,

5) Сараң болмауы керек.

Үш түрлі дос бар. Біріншісі; тағам сияқты, ол әр қашан қажет. Екіншісі; дәрі-дәрмек сияқты, оған кейде мұқтаждық сезіледі. Үшіншісі: ауру сияқты, адам оны қаламаса да оған жармасады.

Шынайы дос - тағам сияқты, әрқашан оған мұқтаж боласың. Бұл адал, салих және пайдалы достар. Осындай адамдармен достасуға тырмысу, іздеп табу керек. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Жақсы досы болмаған адам оң қолы жоқ адамдай» деп айтқан.

Адамның өміріндегі ең жақсы жетістіктерінің бірі, адал және сенімді адамдармен дос болуы. Адал дос бітпейтін, таусылмайтын қазына іспеттес. Сенімді дос өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар мен қиыншылықтарда көмекші болады. Дос ақысын сақтау өте маңызды міндет. Досыңа мал-мүлікпен және мүмкін болғанша әртүрлі жағдайлармен көмектесу керек. Достың сырын сақтап, кемшіліктерін жасыру қажет. Оған қиын жұмыстарды тапсырмаған жөн. Қиналған кезінде оған көмектесіп, көңіл-күйін көтеруге тырысу керек.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама