Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тән азабын шектірген зорлық

Қызды алып меншікті құлы көретін ер азаматтарымыз қыз атаулысын сыйлау былай тұрсын құрметтін өзін танытпауы дұрыспа?

Мамандардын көбі әйел адамын басынан-ақ өзін-өзі сыйлатып үйрету керек дейді? Ал ер азаматтарымызға келгендеше?

Жәнеде бұндай жағдайлар қыз баласынын болашағына деген үлкен қорқынышын әкеліп, карьера қуып кетуіне бірден-бір себеп екен. Бұндай мәселелердін әліде қолға алынбауы қоғамнын бұған жай көзбен қарауына әкелетіні сөзсіз.

2021 жылдың статистиканы алатын болсақ Атырау облысында 121 санды мөлшерінде зорлық қылмыстары аңықталған. Оның ішінде 54% әйелдер болса 6% балалар оқиғалары. Пайыздық әйелдер мәселелрі:тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық зорлаулар екені аңықталған. Тіпті бұл жағдайлардың үнсіз құрбандарын айтып кетпесек мүлдем болмас себебі бұнын соңы өз-өзіне қол жұмсаумен аяқталғандар.

2019 жылы Қазақстанда бұндай мәселе ауыр қылмыстан орташа қылмысқа ауысуына жарлық болған еді. Сол себептен қазір зорлау мәселесімен түскен қылмыскерлерге шамамен айыппұл салса, ал кейбіреулеріне 7 тәулікке торға қамап уақыт өткесін қылмыскерлерді қоғамға оралтады. Бұндай жағдайлардан қылмыскерлердін жақсы жолға өзгеруіне бірі сенсе, бірі сенбесі анық.

Осы айтылған жұмысымнын бір дәйегі ретінде еліміздін батыр қызы себебі еш уайымсыз желіге осындай күйді бастан өткізуі туралы ойын жазады. "Замандастарымен жаңа жылды бірге атап өтеміз деп кешкі ойын-сауыққа шыққан Мөлдір сол күнді санасынан өшіре алмайды. Бір сыныпта оқыған қатарлас жігіт таң ата сыртқа шығарып, көлігіне отырғызады. Тілге келместен тапа бас салған. Оның қаламайтындығына, көз жасына қарамапты. Жанталасқан Мөлдір жан даусы шықсада оны құтқаруға жан баласы келмеген. Арам ойын іске асырған жігіт оны сол автокөлікте үйіне дейін апарып салады. Бұл оқиғадан кейін Мөлдір сыртқа шығып, көпшілікпен араласуды қояды. Отбасы мен туыстары оның мінезінін күрт өзгергенін байқап жас ерекшелігіндегі өтпелі кезеңмен байланыстырады. Алайда анасы бір жамандықтын болғанын сезеді.

- Мен ол уақытта өзімді жек көрдім. Сол кеште сыртқа шыққаным үшін өзімді көпке дейін айыптап келдім. Біздің қазақтың «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген жаман бір тәмсілі бар ғой. Бұл сөз кімнің сандырағы екенін білмеймін. Десе де, мен ол жігітке ешқашан көңілім болған емес. Өйткені біздін ата-аналарымыз бір-біріне достар еді. Ал артық қиқан-сиқаным болмады. Бұл оқиғаны ешкімге айтпай іштей жеп жүрдім. Бірақ анам сезіктеніп, көзіме тіке қарағанда жер шұқылап қалатынмын. Құдды бұл масқараны менің өзім жасағандай сезіндім". - ДЕЙДІ ОЛ. Тіпті Баян Есентаеваның қазіргі "Бақыт" киносында да осы отбасындағы зорлық-зомбылық пен жемқорлықты әсерлетіп жеткізеді.

Қазақ қыздарының көбісі зорлық зомбылықты басынан өткерген жағдайда осындай тұжырымға келеді. Қазақ ұлтының қырық жерден тиып әурет жерлерін жапқызып ар-ождан мен намысты бірінші орынға қойдыртатын бұл менталитеті аруларымыздың үнсіз қалуына себеп!!! 

Изғалиева Сабина


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама