Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Досымды мақтан етемін

"Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын" демекші, мен өзімнің досым жайлы жазғым келіп отыр. Атап айтар болсам, Уразалиев Ағабек-Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің 2019-жылғы түлегі. Оны нағыз дос деп айта аламын. Себебі, әрқашан керек кезінде қасымнан табылып, қолынан келгенше көмек беруге тырысады.               

Дұрыс дос таңдай білу-өмірлік мақсаттардың бірі. Өйткені, өмірде қандай да бір қиындыққа тап болсаң,оны досыңмен бөлісе отырып, досыңның ақылын тыңдап, шешімін таба аласың. Менің ойымша, екі дос арасындағы сыйластық сезімі мықты болу керек. Бір-біріне деген сыйластығы мықты болса, ол кез-келген қиындықтан шығуға көмектеседі.

Біздің мектебімізде білім мен тәрбиені егіз алып барады. Ағабек мектебіміздің ең үздік деген оқушыларының бірі. Дәлел айтар болсам, "Алтын белгі" иегері. Сонымен қатар, барлық қоғамдық жарыстарға, әртүрлі жарыстар мен олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға белсене қатысып, өз білімін шыңдай түскен белсенді оқушы. Айтап айтатын болсам, ол "Нұр-Сұлтан" қаласында өткен САРДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕШЕНДІ ОЛИМПИАДАСЫНАН жүлделі 4-орын иеленді. Біздің мектебіміз былай тұрсын, Алматы облысының атын шығарды. Бұл біз үшін үлкен абырой, мақтаныш. Мен, дәл осындай досым барына қуанамын. 

Қорытындылайтын болсам, дос табу оңай, оны сақтау қиын. Әр адамның өзіне жақын досы болады. Ендеше, сол жақын достарыңызды мақтан етіңіздер, сыйлай біліңіздер дегім келеді. 

Түркменбай Бекбосын

                                         

                                            


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама