Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ана тілім - тірлігімнің айғағы

''Туған тілім тірлігімнің айғағы, 

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін, 

Өшсе тілім мен де бірге өшемін. ''- деп Əбділдə Тəжібаев атамыз айтпақшы, мен де сөз басын осы ғажайып өлең шұмақтарымен бастадым. Адам өзгерді ме, заман өзгерді ме? Заман өзгерген болар. Заман өзгерсе, қазіргі таңның адамдарына не болған? Мен қазақ тілінде сөйлейтін бір адамды көріп тұрған жоқпын. Жоқ, бұл қазақстандықтар үшін өте нашар көрсеткіш. Қазіргі заманның тек 20% ғана қазақ тілінде сөйлесе, оның 80% неге сөйлемеске? Расымен де, ана тілі біздің жан дүниеміздің айнасы, ата - баба мұрасын ұрпақтан ұрпаққа тарататын асыл қазынамыз. Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау кез келген ұлт өкілінің қасиетті парызы. 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының тіл мерекесі аталып өтіледі. Ең болмаса, осы күні таза қазақ тілінде сөйлейікші, достар!

Қазір қазақстандықтардың барлығы шетелге кетіп жатыр. Онымен қоймай, ана тілдерін ұмытуда. ''Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте'' - деп бекер айтпаған. Тек қана қазақстандықтар емес, бүкіл халық өз тілін құрметтеп, таза сөйлеуі керек. Өз тіліңді білмей тұрып, шетелге не бетіңмен бармақшысың? Əрине, бар...

Алайда, сен шетелге өз тіліңнің жақсы жақтарын көрсету үшін, қосымша білім алу үшін бару керексің! ''Қазақтың жері де байтақ, тілі де байтақ'' - деп келіп жатқан шетелдіктердің саны аз емес.

Егер біздің тіліміз болмаса, бізді ұлт қатарынан алып тастауы ғажап емес. Себебі, тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, ұлттың тірегі. Əйгілі жазушы М.Əуезовтың: ''Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе'' деуі тегін емес. Халқымыздың біртуар перзенті М.Жұмабаев: ''Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тіл болуы.'' Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры - мына біздің қолымызда. Қазақ тілін дамыту үшін қолымнан келгенше тырысып бағамын. Тіліміздің құлдырауына жол бермеймін. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталатынын ұмытпағайсың, жас шəкірт!!!

Тұрарханова Əсел


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама