- 22 қыр. 2021 00:00
- 234
Досымның 50 жасына - құттықтау
Ұялаған көңіліңнің төріне күн,
Әр сөзі әзілменен өрілетін.
Досымның аңқылдаған, жарқылдаған,
Жүрегі аузын ашса көрінетін.
Шағың бұл күй боп шалқып төгілетін,
Еңсең тік,
Есен жеттің елуге еркін.
Ағайын дос-жараның мәре-сәре,
Қырансың орындаған ердің сертін.
Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,
Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.
Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл,
Өзіңе зор денсаулық тіледім мен!
*** *** *** ***
Қыз қияда, ұл ұяда жарасқан,
Аудан біліп, аймақ сыйлап санасқан.
Аңсап күткен туған күнің тойлансын,
Алла жар боп, ашық болсын көк аспан!
Бір сыныпта бірге оқыған құрдасым,
Бала досым - бауыр етім, сырласым.
Шыңғожада жақсы оқыдың, үлгілі,
Еңбегің зор – елге сыйлы бір басың.
*** *** *** ***