Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
40-тан асып бара жатқан құрбыма - құттықтау

Демейін сегіз қырың енді ашылды,
Өзіңде қасиет көп жарасымды.
Жылдар салған әжімдер ешқашан да,
Ала алмас бойыңдағы бар асылды!
 
Көңілмен әлі талай демігерсің,
Келбетіңді түзеумен әбігерсің.
Елуде жаңа қылық шығарумен,
Жігіттерге әлі қыздай көрінерсің!!
 
Сезімге әлі талай бас ұрарсың,
Оны қалай жылдармен жасырарсың.
Мәуелі Жер-Анадан нәр алатын,
Бәйшешектей құлпырып ашыларсың!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама