Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Досқа арналған туған күнге құттықтау-тілектер

Өмiрде DOSTYK жолы қиын дейдi.
Досқа кiм жақсы тiлек тiлемейдi.
Аңсаған арманыңа бақытпен жет.
Осы ғой достың досқа тiлейтiнi.
Арманың Алатаудай биiк болсын.
Қиялың тұлпарыңдай жүйрiк болсын.
Бақытың тау суындай таусылмасын.
Өмiрде шын Махаббат сенде болсын.   
Орындалсын арманың мен тiлегің.
Әрқашанда соға берсiн жүрегiң  
Бақытты бол сүйгеніңмен қашанда.
Осы менiң саған айтар тiлегiм.

*** *** *** ***

Достар!
Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын!
Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!
Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі — ДОСТЫҚ  ҮШІН!

*** *** *** ***

Достар!
Жастық шақ — өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол гүлдің нағыз өзі — біз емес пе!
— дегендей жан жағыма көз салсам, бүгінгі кешке әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, қып—қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын көремін.
Ендеше достар, лайым, әрқашан осылай құлпырып жүре беріңдер. Өмірдің ең сұлу, керемет мезгілі — Жастық шақ үшін!

*** *** *** ***

Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре бер.

*** *** *** ***

Азамат сайлауының ең мөлдір көзі — достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нәр болсын. Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

*** *** *** ***

Тұлпардай зула топ жарып,
Сәулесі түсер — бол жарық.
Бақыт кеп қонып басыңа,
Жамандық өтсін айналып.
 
Қиындықтардан ықпағын,
Туыңды қолдан жықпағын.
Мен үшін бақыт қашанда,
Бәйгеден озып шыққаның.

Жалғыздың үні шыққан ба,
Сіңеді сағым бұлттарға.
Тірлікте тіреу болатын,
Достыққа жетер күш бар ма?

*** *** *** ***

Ертеде жауынгершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол — өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:

— Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады — маған екі көздерің керек, — дейді қолбасы, — екі көзіңді ойып аламын!

— Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, — дейді жігіт.

Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы:

— Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, — деп түйіпті.

Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жолға тастамайтын қазақтың шын достығын тілеймін.

Достыққа жетер күш бар ма?

*** *** *** ***

Бір өте бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан «Құдай маған кішкене өмір берші» деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Алла тағала әлгі қарияның көзіне көрініп:

— Пендем қанша өмір сұрайсың? — десе, әлгі қарт:

— Ағаштың жапырақтарымен тең өмір — депті, сонда Құдай:

— Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапыраққа — депті.

— Онда қанша бұтақ бар, соншама — десе,

— Ол да жарамайды, тым көп, - депті Алла тағала, сонда әлгі қария:

— Онда қанша өмір бере аласыз? — деп сұраған көрінеді, сөйтсе:

— Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін — депті Құдай. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен еді.

Біздің халықта «жүз теңгең болғанша, бір досың болсын» деген мақал сөз бар.

Қадірлі достар, өмірде досың жоқ болғанша, өмір сүрмеген жақсы, дүние артта қалар, ал досың бар болса, сен мәңгі бақи өмір сүресің.

*** *** *** ***

Кейде бізді жіпке байлап сүйретеді.
Кейде салса айсықпайтын қиындыққа,
Кейде бізді қуанышқа бөлетеді.
Достарым көп болса көп демеймін.
Барлығы арманына жетсе деймін.
Ақ, адал достарымның арасында
Сені де ойнап-күліп жүрсе деймін.

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама