Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, әріптестер!
Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
«Достығымыз жарасқан!» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана - қуана қарсы алады. Ендеше қонақтарымызды қарсы алайық.

Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 4 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, ұлттарымызды қарсы алайық бимен шығады 1. Қазақ халқы 2. Үнді халқы 3. Өзбек халқы 4. Корей халқы
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған мектеп меңгерушісі Измуханова Света апайға көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізге сөз кезегін береміз

Жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Келесі кезекте осы әр ұлт өкілдері өз салт - дәстүрімен таныстырып өтеді, ұлттық тағамдарын, ұлттық билерін көрсетеді қабыл алыңыздар.

Сөз кезегін қазақ халқы мәдени орталығына береміз.
/Қазақ халқының сәлемі/ /балабақша
жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.
Келесі кезекті үнді халқы мәдени орталығының өкілдеріне береміз.
/үнді халқының сәлемі/ /1 сынып/
жүргізуші: Ағайын - туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
жүргізуші: Ортаға көршілес өзбек халқы мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.
/Өзбек халқының сәлемі/ /2 - 3 - сынып/

жүргізуші: Сөз кезегі карей халқы мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.
/карей халқының лебізі/ /4 - сынып/

Жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген еліміз!
Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Ән «Қазақстаным менің!»

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Ендеше, бейбітшілік жасасын! Ынтымақтастық жасасын! Қазақстан жасасын!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!
Осымен, бүгінгі «Достығымыз жарасқан!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
Сау саламатта болыңыздар!

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарман ауылы
Сарман бастауыш жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Шупанова Айнагул Максимқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама