Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Достық. Махаббат
Тақырыбы: Достық. Махаббат.
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату,
бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту. Оқушыларды Отанына, туған жеріне, анаға, досына деген сүйіспеншілікті арттыру, дамыту.
Махаббат сезімін дұрыс түсінуге, бағалауға баулу.
Міндеті:
1. Адам қарым – қатынасындағы достық, махаббат ұғымда туралы нақты түсінік қалыптастыру;
2. Сабақ барысын меңгере отырып, жастар арасында достық, махаббат сезімдерін қалыптастыру барысында шынайы өмірмен байланыстыра дамыту.
3. Студенттерде патриоттық сезімін отанға сүйіспеншілігін арттыру, сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, әндердің бейнежазбалары.
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, әңгімелеу, пікірлесу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларға өтетін материалдың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
2. Сәлемдесу. ( Топтармен таныстыру)

ІІ. Шаттық шеңбері.
- Бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. («Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Пікірталас кезінде сақталатын ережелер:
1. Өз уақытында баста.
2. Бір - бірін сыйлау.
3. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
4. Көңілді болу.

Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Әдепті – Әлия
Үлпілдеген - Үміт
Жағымды – Жұлдызай
Мейірімді – Мәди
Нұрдай – Нұрлыбек
Аяулы - Ақсамал
Аққудай – Аружан
Оқымысты – Оңалбек
Ынталы – Ықылас
Ажарлы - Асыл
Айбатты – Аяжан
Айдай - Аружан
Жақсы – Жаңабек
Ғажайып - Ғасырбек
Айымдай – Аружан
Жайдарлы - Жалғас
Нұрлы – Нұржігіт

ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
- Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама