Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Дулаттың асыл мұрасы
Тақырыбы: Дулаттың асыл мұрасы

Тәрбие сағатының мақсаты
Білімділік: елдіктің жырлаушысы, еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының өмірін, шығармаларын оқушыларға терең таныстыру.
Тәрбиелік: Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру.
Көрнекілігі: Д. Бабатайұлының суреті, плакатқа жазылған Дулат Бабатайұлы туралы жазылған пікірлер, ақпарат материалдары.

Барысы:
Мұғалімнің сөзі: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезін жырлап өткен Дулат Бабатайұлы 1802 жылы дүниеге келген.
Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіп жазып жүрген. Дулат арқылы Аякөз өңірінен шыққан Ақтамберді жырау толғаулары халыққа жетіп, ақсақалдар жадында сақталып қалған.

Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. 1991 жылы бір топ шығармаларын « Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

Дулат Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет мысал жазған ақын. Оған мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге, ақыл ретінде келіп, кішіпейілділік, бірлік, әділеттілік жақталып, мақтаншақтық, менмендік, бейшаралық, орынсыз пасықтық саналады. Оның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте зор.
Дулат өлең мәнін білген, тілге жүйрік, нақылдап - мәтелдеп сөйлейтін шешен. Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ақын «Ата қоныс Арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Халқымыз ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.

Арнау:
Шонжарды шоқ тілімен тулататын,
Қарық қылып, көп елді шулататын.
Бүгінде мерейтойы өтіп отыр,
Ақиық арқадағы Дулат ақын.
Ал енді кейіпкер шығармамның,
Шығады көңілімнен сыңарманның.
Ішінде серкесіндей көрінеді,
Он жеті ақын шыққан Сыбандардың.
Ешқашан айтар сөзін ірікпеген,
Тұнба боп, тула бойда жүріпті өлең.
Дүркіреп дүйім ел - жұрт жатқанында,
Мендағы маңдай терім сылып көрем.
Қошемет қайда барсаң бөленгенің,
Басына тік көтерді көлемді елің.
Зергері асыл сөздің, орақ тілдің,
Жоғалмас қалды артында өлеңдерің.
/Ө. Дүтбаев/

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ.
Дулат ақын,
Заман жыры толғаған,
Бодандықтан тәуелсіз,
Жұрт болуды қорғаған.
Отарлаған патшаға,
Әділет іздеп,
Жыр найзасын жолдаған.

Билеуші, қиянатшыл,
Озбырлармен де алысты.
сөз құдіретімен,
байлап - матап қарысты.
Жауға шауып,
Қылыш - найза сермемей,
майданға түсіп,
Өлең - жырмен сайысты.

Уа, жарандар, ғибрат ал сөзінен,
Келген өтіп, бұлдыр заман тезінен.
Игіліктің ерте - кеші жоқ деген,
Бүгінгі ұрпақ тілдесейік енді өзіңмен.
/ Қ. Қажығұлов /

Мұғалім: Дулат Бабатайұлының туған жері қазіргі Аягөз ауданы, Ақшатау аулының Қызылағаш деген қыстауы. Туған жері Ақжайлау мен Сандықтасқа арналған өлеңі бар. Осы жердегі ақын баба басына кесене тұрғызылған.
Шынардан биік санам бар,
Ақылдан алпыс санам бар,
Қорған құрыш сөзім бар.
Жырымды менің тыңдаған!
Сөз ұғатын соңғы адам,
Шыңдаудан әсте тынбаған,
Сарқырап аққан жылғадан,
Жыр арнасы суатпын -, деп бар ақындық өмірін қазақ халқының ары мен ожданы, бостандығы мен тәуелсіздігі жолына бағыштаған Дулат Бабатайұлы өз заманының сыншыл ақыны бола білді. Дулаттың ел қамы туралы, кейінгі ұрпақты тәрбиелеудегі аса маңызды, мағыналы әр толғауларын кезінде үлкен де, кіші де құлақ құрышын қандыра тыңдаған.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ұстаз болған. Оған ақындық өнер жолында тұңғыш бата берген Дулат Бабатайұлы. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов « Дулат қазақ халқының қамқоры, Абайды идея жағынан тәрбиелеуші» - деп баға береді.
Дулат Бабатайұлы ауыртпалығы зор, өзгерісі де мол ғасырмен құрдас болды. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан - таражға салу халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы шыққан. Халықты күреске үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл да, сыршыл күрескер.

Дулат Бабатайұлы Ресейдің отаршыл әскерлерін қатты сынаған ақын. Сондықтан да көп уақыт бойы ақынның шығармалары ұлтын, туған жерін жан жүрегімен елжірей сүйіп жазған өлеңдері ұлтшылдық ретінде бағаланып, дәріптелмей келді. Сондай өлеңдерінің бірі « Асқар таудың сәні жоқ».
Би мен бекті сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса.
Батырлықтың сәні жоқ,
Елірген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан
Тұтамдап оқ жанбаса.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама