Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстан - туған өлкем
Қазақстан - туған өлкем

Мақсаты: Туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері. Оқушыларды өскен жерін қадірлеп, дүниежүзілік мәдениетке қол созу, рухани - зерделілік жағынан дамыта тәрбиелеу. Өз туған өлкеміздің, туған халқымыздың өткені мен бүгінгісін қадірлей, қастерлей білуге үйрету.
Түрі: топтық пікір алмасу.
Көрнекілігі: Буклеттер, Қазақстанның картасы.
Ойынға үш топ қатысады. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.

І бөлім. «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем».
Бұл бөлімде топ мүшелері берілген тақырыптар бойынша сурет салады.
Тақырыптар: 1. Адам және табиғат.
2. Ауыл кеші көңілді.
3. Жазғытұрым.
4. Жайлауда.

ІІ бөлім. «Жері байдың - елі бай».
Бұл бөлімде топтар төменде берілген тақырыптар бойынша білімдерін ортаға салады.
І топқа «Қазына қара жерде» \ Қазақстанның қазба байлықтары туралы\.
ІІ топқа «Күте білсең жер жомарт» \ Егіншілік құнарлы жерлер, одан алынатын өнімдер т. б\.
ІІІ топқа. «Еліміздің ертеңі - білімді ұрпақ».
Мұнда топтар сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтама түрінде беріледі.

І топ сұрақтары: 1. «Жібек жолы» тарихи орындарын ата.
2. Қазақстанның экологиялық аудандары.
3. Халық ауыз әдебиетінің жанрларын ата.
4. Отан туралы мақал - мәтелдер.
5. Ат үстінде ойналатын ұлттық ойындар.

ІІ топ сұрақтары: 1. Бес арысты ата.
2. Қазақтың халық сазгерлері.
3. Қазақтың атақты билері.
4. Қазақтың әйгілі күйшілері.
5. Қазақ батырлары.
6. Крестшілердің ең соңғы жорығына тойтарыс берген аты тарихқа алтын әріппен жазылған сұлтан.

ІІІ топ сұрақтары: 1. « Асар» деген қандай салт?
2. Қымызмұрындық деген қандай дәстүр?
3. Қонақкәде деген не?
4. Ерулік деген не?
5. Төрт түліктің пірін ата?
6. Қазақтың төрт тойын ата?

3 бөлім. «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы:
Тақырыбы: туған жер, туған ел туралы өлең, мақал - мәтелдер оқу.

4 - бөлім. «Ел дәулеті – өзімізде». Туған өлкеме менің болашақта тигізер пайдам деген тақырыпта топтық пікір. Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнер, саяси, экономикалық сауаты ескеріледі.

Мұғалімнің сөзі: Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп туған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс.

Қорытынды: ел тағдыры экономикаға тәуелді екенін қазір үлкен де, кіші де біледі. Ендеше ХХІ ғасырда мемлекетіміздің билігін өз қолдарына ұстар, қазіргі экономиканың қаз басуын, қарыштай басуға айналдыратын, капиталистік дамудың эталоны дерлік АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапониямен иық теңестірер ел қожалары мектеп партасында отыр емес пе?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама