Диктанттар жинағы
Сөздік диктант
1. Құлын, күрек, көкек, жүрек, көбелек, жұлдыз, орындық, отын, өрік, жүзім, түлкі, ғарышкер, байғыз.
Түбір мен қосымшаның жазылуы
2. І. Құлақ, ерін, мұрын, көрік, мойын, ауыз, мүлік қауіп, орын, халық.
сөздерге ы, і әріптерін қосып жаздыру, өзгерген дыбыстардың астын сыздыру.
3. ІІ. Оқы, тоқы шоқы, жылжы, сырғы, қарғы, сүңгі
сөздеріне и әрпін қосып жаздыру.
4. ІІІ. Жап, қап, шап, кеп, сеп, теп сөздеріне у қосымшасын жалғап қандай өзгерістер болғанын айтқызу.
Түбір сөздерге – ып, – іп қосымшаларының тиістісін жалғап жаздыру.
5. ІV. Бүк, қақ, төк, сөк, жақ, тақ, бақ, сақ сөздерге у қосымшасын жалғап жаздыру.
6. V. Орақ қонақ, қабақ, жидек, жүк, жүрек, күрек, өрнек, садақ, білік, аяқ, тауық, тірек, тілек, шелек.
Сөздерге ы не і қосымшасының тиістісін жалғап жаздыру.
7. Жеңіс тоңазытқыш, тыңайту, жаңашыл, мүйіз, жайылды, шойын, дауысты, бауырсақ, тауықтар, жауынгер.
Сөз бөлігін ң, й, у әріптерінен бастап тасымалдаңдар.
Же - ңіс,...,...,...,
Терме диктант
Өнерпаз
1. Домбырам күмбірлеп
Күй шерте аламын,
Бұрала би билеп
Сурет те саламын. (С. Қалиев)
Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаздыру. Тасымалдауда болмайтын сөздерді теріп жаздыру.
Уыз той
2. Алақай – ау! Алақай!
Егіз туды қойымыз –
Ертең уыз тойымыз. (Ә. Табылдиев)
У әрпі бар сөздерді теріп жаздыру
3. 1. Апаң үйге келді (ме)
2. Сабаққа дайындықсыз кел (ме)
3. Орманға үлкендерсіз бар (ма)
4. Дүкенде сүт өнімдері бар (ма)
5. Сырыңды ешкімге айт (па)
6. Жаттаған өлеңін айтып (па)
Сұраулы сөйлемдерді теріп жаз
Көру диктант
1. Саған білім жемісін
Оқулығың береді
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе!
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке! (Н. Айтов)
(Өлеңді жатқа жаздыру)
Сөз таптары
2. Зат есім.
а) Ақыл – тозбайтын тон
Білім – таусылмайтын кен.
ә) Шешен сөз бастар
Батыр қол бастар
Зат есімді тап
3. Бақылау диктант
Балалар аулаға жиналды. Екі топқа бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші топ жеңіске жетті.
Зат есім тап.
4. Терме диктант
Біз екінші сыныпта оқимыз. Гүлжанат әнді жақсы айтады. Орынжан домбыра тартады. Зухра мен Ботагөз шахмат үйірмесіне қатысады.
Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаздыру.
Сан есім.
5. Терме диктант.
Жұмбақ
Бір ұзын ағаш, ағаштың үстінде он екі ұя, әрбір ұяда төрт – төрт тұқым, әр тұқымда жеті балапан. (Жыл, ай, төрт мезгіл, апта)
(Құрамында сан есімі бар сөйлемдерді теріп жаздыру)
6. Бір ағаштың 12 бұтағы бар әр бұтағында 30 жапырағы бар. Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.
(Ай, тәулік, күн мен түн)
(Құрамында сан есімі бар сөйлемдерді теріп жаз)
7. Егер адам күніне 10 л су пайдаланса 100 000 л су 1000 адамға қанша күнге жетер еді?
(Шешуі: 10 күнге)
Сан есімдерді теріп жаз.
8. Көру диктант
Сын есім.
Түрлі түстер.
Аппақ түсім – сүт,
Бозғылт түсім – бұлт.
Қара түсім – қас,
Сұрғылт түсім – тас.
(Е. Өтетілеуов)
9. Сын есімдерді тап.
Жұмбақ.
Аппақ қардай тоны
Күжірейген жоны
Көзі қызыл моншақ
Білесің бе оны?
(Шешуі: қоян)
Сын есімді тап.
10. Шығармашылық диктант
Мейірімді,......
Әдемі,......
Инабатты,......
Кәрі,......
Жуас,......
Мағынасы жуық сын есімдерді тауып жаз.
Балапан
11. Біздің тауықтың он екі балапаны бар. Солардың ішінен біреуін өте жақсы көремін. Ол доп – домалақ. Жүні үлпілдек сары. Тұмсығы қысқа, көзі мөп – мөлдір. Балапан өте сүйкімді.
Сын есімді тап.
Етістік
12. Өздік диктант
Медет қарды күрекпен (не істеді?). Ұста қашаумен (не істеді?) Сылақшы қалақпен (не істеді?) Жүк көтергішпен жүкті (не істеді?) Оқушылар гүлді аулаға (не істеді?)
Бақылау диктанты
13. Қарлығаш.
Қарлығаштың балапаны ұясынан құлап түсті. Қарлығаш шырылдап ұшып жүр. Даусы өте аянышты. Адамдардан көмек сұрағандай Шынар балапанды көріп қалды. Балапанды жоғары көтеріп ұясына салды. Қарлығаш риза болғандай қалықтап еркін самғады.
Өздік диктант
1. Күз айлары:
Қыс айлары:
Көктем айлары:
Жаз айлары:
Қазақша ай аттарын жаздыру.
2. Анасы (жұмыс) кетті. Нұрлы (тауықтар) жем шашты, (гүлдер) су құйды. Сонан соң тамақ (пісір). Анасы (жұмыс) оралды. Ол (қызы) ісіне (қуан)
Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаздырту.
3. Жаңылтпаш
1. Ақ матадан ақ мақта ақ па?
Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
2. Тарғыл итім талға оралды,
Талға тағы барып оралды.
Жатқа жаздырту
4. Шырша, қарағай, қасқыр, қайың, арша, аю, арыстан, жолбарыс
Ағаштар:............
Аңдар:............
Көп нүктенің орнына жоғарыдағы сөздердің тиістісін қойып жаздырту.
5. Адам аттары: Әлия,...............
Қала аттары: Атырау,...............
Туыстықты білдіретін сөздер: ата,............
Кәсіп иесін білдіретін сөздер: мұғалім,.........
6. Өрік, үйрек, жүзім, көкек, шие, үкі, бүркіт, жиде, көгершін, бөдене.
Жемістер:
Құстар:

7. Құрылысшылар, барабаншылар, кітаптарымыз, дәптерлеріміз оқушылар, мұғалімдер.
Осы сөздерді буынға бөліп жаздырту
8. Қыс
Қар... үлкендер көшелердегі қарды....
Балалар қар лақтырысып....
Кішкентай балалар шанамен....
Олардың күлкілері жиі....
Көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру
9. Құралай терезе ашты. Үйге салқын ауа кірді. Үйдің ауасы тазарды. Құралай сабақ оқыды.
Ма, ме сұрақ сөздерін қойып хабарлы сөйлемдерді сұраулы
сөйлемдерге айналдырып жаздыру.
10. Үй жануарлары: сиыр,...,...,...,...,
Еңбек құралдары: балта,...,...,...,...,
Газет - журналдар: Айгөлек,...,...,...,
Шығармашылық диктант
1. Са... хат, қо... н, қи... р, пи... з, дари..., тақи...,... лектер,... леватор, а..., о..., Көп нүктенің орнына я, э, ю, әріптерінің тиістісін жаздыру.
2. Марат, Қайрат, Сәуле, Айгүл, Ботагөз, Әлия, Есен, Ғалия, Гүлнар, Дәулет, Омар Жамал, Шара, Зейнеп.
Кісі аттарын алфавит ретімен көшіріп жаз
3.
1. Қойды кім бағады? -....
2. Жылқыны кім бағады? -....
3. Сиырды кім бағады? -....
4. Машинаны кім жүргізеді?....
5. Көмірді кім қазады?....
6. Электрді кім жөндейді?....
Сұрақтарға жауап жазу
4.
1 Екінші сыныпта оқимыз біз.
2 Сыныптың оқушылары біздің ұйымшыл.
3 Гүлдерді суарды Гүлназ бен Іңкәр.
4 Тақтаны сүртті Назерке
5 Қойды орындықтарды Медет пен Әлия
6 Ашты терезені Сағындық
7 Роза мұғалім болды
Орын ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру
5. Под... езд, пал... то, кон... ки, лагер..., раз... езд, ал... бом.
Көп нүктеніңорнына (ь ) жіңішкелік, және жуандық (ъ) белгісін жаздырту.
6. Қасымұлы, Тұрарқызы, Асқарқызы, Әбішұлы, Болатқызы, Оспанұлы, Өмірбайұлы, Нұрланқызы.
Берілген тестерді алфавит ретімен жаздыру.
7. Ас... ар - әс... ер, сира...- сире...,
құра..., - күре..., қиын..., - киі...,
то.... ыз - е... із, са... ыз - се... із,
тара... - тере...,
8. Жасасын бейбітшілік. Қазақстанның даңқы арта берсін Көктем қандай тамаша Алақай атам келе жатыр.
Тиісті тыныс белгісін қойдырту
9. аю, ою............
ата, әже............
ыза, ине............
ақын, әсем............
ұран............
қою, боя............
Тасымалдайтын екі буынды сөздерді жалғастырып жаздырту.
10.
1. Барды шипажайға демалуға балалар
2. Теңіздің жағасында орналасқан шипажай
3. Түстік теңізге суға
4. Кішкене қайықтар теңіздің жағасында тұр
5. Балалар серуендеді қайыққа мініп
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрату
11. Марат пен Айгүл кімге көмектесіп жатыр Қыс қандай көңілді Абайша құлап қалма Оқушылар ертең жиналыс болады Қатарыңның алды бол Балалар қайда ойнап жүр Өркенің өссін қарағым.
Тиісті тыныс белгілерді қойдырту.
12.
Қоңыр күз
М... уе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз
Алма п... сіп албырап,
К... үзді тартқан қоңыр к... з
Көп нүктенің орнына тиісті әріптер қойдырту. (Т. Жароков)
Ескерту диктанты
1. Баяғы заманда Асок мен Қасен деген екі дос болыпты. (Ертегі)
Бұл кезде Көксерек басқа жақтағы елді ториды. (М. Әуезов)
Амангелді Иманов Үдербай деген кедей бақташының баласы, ауылдасымның баласы, ауылдасын болатын. (Ә. Жангелдин)
Шоқан мен Шыңғысты Қыжылжарға өзі апарып салды. (С. Мұқанов)
2. Қазақстанда үлкенді – кішілі өзендер көп, Олардың бастылары: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай. Олардың ішінде теңіз деп аталатын үлкендері де бар. Каспий – көлдердің ең үлкені Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал.
Қарамен жазылған сөздердің неге бас әріптен басталатынын түсіндіру.
Графикалық диктант
1.Берілген сызба бойынша сөйлем құрату
2. Нұржан тақтайды кесті. Наурызбек ағашты сүргіледі. Мирас шеге қақты.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсеткізу.
3.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру
4.
1..
2.,.
3,.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру
Бақылау диктанты
5. Нұршат апай – сынып жетекшісі. Ол оқушыларды 2 топқа бөлді. Нұршат апай қыздарға матадан қуыршақ жасауды үйретті. Арасына мақта салдық. Ер балалардың тобы жаңғақ пен шырпыдан ойыншықтар жасады. Асхат жасаған күшік бәріне ұнады. Балалар оған Құтжол деп ат қойды. (37)
Тиін
6. Тиін ағаштан – ағашқа бұтақтан – бұтаққа секіріп жүреді. Ол тоғайда болады. Біз саяхатқа шыққанда тиінді көрдік. Қызыға тамашаладық. Жыртқыш аңдардан да бұтаққа секіріп жүріп қорғанады.
Тиін жаңғақпен қоректенеді. (27)
Сынып тазалығы
7. Біздің сынып кең, әрі жарық. Сыныбымызда 22 оқушы бар. Озаттар мен екпінділер саны көп. Олар тәртіпті әрі үлгілі. Орынжан мен Гүлмаржан еден жуды. Гүлжанат гүлге су құйды. Айшат пен Мирас парталарды сүртті. Біз сыныбымызды таза ұстаймыз. (36)
Қажымұқан
8. Қазақстан бірінші кәсіпқой палуаны – Қажымұқан. (Мұқан, Мұханура) Мұңайтпасов (1881 - 1948) Ресейдің халықаралық жарыстардың және әлемнің Француз (классикалық, кейін грек – рим) күресі бойынша неше дүркін чемпионы. «Қазақ» халқының құрметті атағы батырға лайық: - бойы 198 см, күресу салмағы 139кг, аяқ киімі – 54. Спортшы журналистер оны ғасыр спортшысы деп атады. (45)
״ГИНЭС Қазақстан рекордтар" кітабынан
Инелік
9. Дүниедегі ең мешкей – инелік. Ол екі сағаттың ішінде 40 шақты шыбын – шіркей жейді. Мұндай мешкейлердің тамағы оңайлықпен тоя қоймайды. Тамағын тойдыру үшін инеліктің күні бойы шыбын – шіркей аулауына тура келеді. Алаңқайлардың үстінде ұшып жүрген инеліктің қаншама зиянды насекомды құртатынын осыдан – ақ байқауға болады? (42)
("Ол кім? Бұл не? кітабынан")
Шоқан Шыңғысұлы
10. Шоқан ақылды да парасатты Айғаным әжесінің бауырында өсті. Жастайынан аңыз – ертегі, өлең – жырға қанық болды. Шоқан он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде бір ауыз орысша білмей келген Шоқан екі – үш жылдың ішінде озық оқушылардың қатарына қосылады.(39)
("Ол кім? Бұл не? кітабынан")
Жоғалған балапан
11. Үйрек бірнеше балапан басып шығарады. Балапандарын жем іздеуге алып шықты. Сол кезде бір балапан адасып қалды. Алдынан мысық шықты. Балапанның зәресі ұшып қаша жөнелді. Балапанның жан ұшырған даусын естіген анасы жүгіріп жетті. Қанатын жазып, балапанын ыстық құшағына басты. (39)
(Айгөлек журналынан)
Тамыз
1. Тамыз – жаздың соңғы айы. Алтын астық жинаған егіншілерге тыным жоқ. Егіс алқаптарынан дән иісі бұрқырайды.
Тамылжыған тамыз – жеміс – жидекке қарық қылатын, табысқа кенелетін ай. Құстардың топталып ұшып, ән салуы балаларға жаңа оқу жылының жақындап қалғанынан хабар бергендей. (37)
Қоңыр күз
2. Күз болды. Құстар жылы жаққа қайта бастады. Құстардың қайтуын оқушылар бақылады. Ойын балаларын қимай кетіп бара жатқандай. Күз айы молшылық береке айы. Қоңыр күзді адамдар «Сары алтын» деп бекер айтпаса керек. (31)
Қыркүйек айы. Күн салқындады. Жапырақтар сарғайды. Мектептің ауласы теңіздей толқиды. Жүздері бал – бұл жанған бүлдіршіндер мектепке асыға басып келеді.
Қыс.
3. Қыс айы. Күн суытты. Түнде су қатады. Көлде мұз боп қатты. Мұз қалыңдады. Балалар көлге келді. Гүлжаһан мен Алтынбек коньки тепті. Гүлмаржан шанамен сырғанады.
Аяз бетті шымырлатады. Балалар ойынның қызығына түсіп кештің болғанын аңғармай қалыпты.
Бұл қыстың сықырлаған аязды күні еді. (41)
Шуақты көктем
4. Көктем. Көктемде өсімдіктер дүниесінде көп өзгерістер болады. Қар ериді сай сала суға толады. Бәйшешек гүл жарады. Ағаш бүршіктенеді. Алғашқы гүлдер – Жауқазын, Қызғалдақ, Сарғалдақтар өсе бастайды. Көктем хабаршысы құстар келеді. Балалар құстаоды қамқорлықтарына алады. Аңдар да, жәндіктер де, жан – жануарларда қыстан аман – сау қауышқандарына қуанғандай. (42)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна