- 05 нау. 2024 02:51
- 176
Жапырақтың күзгі серуені
Жапырақтың күзгі серуені
Балабақшаға арналған күзгі ертеңгілік
Мақсаты: балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, күз молшылық береке айы екендігін түсіндіру. Не үшін күзді алтынға балап жататынын түсіндіру.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем әуен ырғағымен балалар қол ұстасып залға кіреді.
1 - бала: Қош келдіңіз қонақтар,
«Алтын күздің» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
2 - бала: Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық
1 - жүргізуші: Міне көптен күткен күз мезгілі де келіп жетті. Күз жылдың ең әдемі керемет мезгілі. Бақтағы барлық ағаштар ауладағы, ормандағы ағаштардың жапырақтары түрлі түске боялып, мерекеге безендірілген сияқты болып тұрады.
Күз шығыпты серуенге,
Жазғы орманды суреттеуге
Қылқаламын алыпты,
Жапырақтарды бояпты.
Сары түспен, қызылмен
Жапырақтарды сәндепті
Айналаның бәрін де
Алтын түске бояпты.
Жаттаулар:
Ән: "Осень"
2 - жүргізуші: Достар! Бүгін біз сіздермен бірге өте ерекше саяхатқа шығамыз. Жай саяхат емес ертегідегі Күз ханшайымының балаларға арнап жасап жатқан күз мерекесіне саяхаттап барамыз. Мұқият тыңдап, қарап отырыңдар.
«Ертегілер» әні естіліп тұрады. Ортаға ертекші шығады.
Ертекші:
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге бүгін өте керемет ертегі алып келдім. Беймәлім бір хандықта, беймәлім бір елдікте Күз ханшайымы өмір сүріпті. Бұл жай хандық емес, алтыннан жасалған хандық екен. Қайда қарасаң да, барлық ағаштар алтын түсті көйлек киген, ал аспанда алтын күн жарқырап, тіпті шөптер де бұл елде алтын түсті екен.
Ал бұл хандықтың барлығын алтын түске бояуға Күздің ең басты көмекшісі - қылқалам көмектеседі екен. Оның түрлі түсті бояулары өте көп екен. Бірақ ең сүйікті түстері сары, қызыл, сарғыш, алтын түстер екен. Қазір мен өзімнің сиқырлы кітабымды ашып, сендерге қылқаламның қалай еңбектеніп жатқанын көрсетемін.
(Қылқалам шығады, қолында палитра мен түрлі - түсті бояулар бар.)
Ән: «Мен сурет саламын»
Қылқалам:
- Міне, менімше бәрі дайын. Барлық жапырақтарды алтын түске боядым. Енді демалуыма да болады.
(Отырып, ұйықтап қалады.)
Ертекші:
Бірақ Күздің хандығында бәрі тыныш емес, хандыққа жақын жерде Жел өмір сүріпті. ол серуенге шыққанда, хандықта аласапыран орнайды. Жел ағаштағы жапырақтарды түсіріп, жапырақтар жерге түседі екен.
(Желдің даусы естіледі. Бір бала ортаға шығып тақпақ айтады)
Жел: Мен ерке желмін,
Әлемдегі ең жүйрік.
Ұнатам көңіл көтеріп,
Ойнауды әрі билеуді.
Жапырақтарды алыңдар,
Вальске тұрып қалыңдар.
Балалар жапырақтарды алып, би билейді.
Би: «Вальс»
Биден кейін жапырақтар еденде қалады.
Қылқалам: (оянып)
- Ой бұзақы жел, тағы да серуендеп жапырақтарды шашып тастапты. Жапырақтарды жинап әдемі гүлдесте жасап вазаға салып қою керек.
(Қылқалам жапырақтарды жинап жатқанда, жасыл жапырақ келеді )
Жапырақ:
- Сәлеметсіз бе, Қылқалам мырза! Маған қараңыздаршы барлық жапырақтар сары және сарғыш түске боялған, ал мені бояуды ұмытып кетіпсіз. Бүгін Күз ханшайымының туылған күніне арналған балға шақырылғанмын. Бірақ мені бұл күйде сарайға кіргізбейді. Оның сүйікті түсі алтын сары түс қой.
Қылқалам:
- Ой, құдайым - ай қазір бәрін түзетеміз.
(Қылқалам палитраны алып, таң қалады).
- Ой қырсық - ай менің бояуым таусылып қалыпты. Жапырақшы сенің балабақшадағы балаларға баруың керек, балалардың түрлі - түсті бояулары өте көп. Олар сурет салғанды өте жақсы көреді және олар саған міндетті түрде көмектеседі. Бірақ онда барар жол оңай емес, сенің сиқырлы орманнан көптеген тамашаларды кездестіруіңе тура келеді.
Шымкент қаласы,
№25"Қарақат" бөбекжай – балабақшасының ІІ - санатты тәрбиешісі
Шолатова Айжан Нуралиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.