Дизайнерлердің 2015 жылы ойлап тапқан тамаша туындылары
Дизайнерлер әлемнің әдемі әрі ыңғайлы, ал біздің өміріміз қызықты әрі жарқын болуы үшін күні-түні жұмыс істейді. Әлемдегі дизайнерлердің жұмыстарына өз бағаңызды беріңіз.
Ертеңгі ауа райын көрсететін құрылғы
tempescope
boredpanda
Кен Кавамото (Ken Kawamoto) — сандар мен ақиқат өмірді қосуға ұмтылатын бағдарлама жасаушы инженер. Ол ертеңгі ауа райын көрнекі түрде көрсететін құрылғы ойлап тауып оны темпескоп (Tempescope) деп атады. Найзағай болатын болса оның ішінде шын найзағай жарқырайды, ал егер жаңбыр жауатын болса, жаңбыр жауады. Керемет! Қардың жауатынын өкінішке орай көрсетпейді.
Иллюзия шай сервизі
d-bros.jp
d-bros.jp
Жапонияның D-Bros дизайнерлер тобы әлемге «Вальс» атты бірегей шай заттарын паш етті. Құпия шынаяқтардың айналы бетінде, ол тарелкенің суретін көрсетеді.
Әкелерге арналған ер
saddlebaby
SaddleBaby — әкелерінің иығына отырғанды жақсы көретін бөбектерге арналған теңдесі жоқ көлік. Ал әкелердің қолдары смартфон, фотоаппарат немесе басқа да гаджеттерге бос болады. Бала да риза, әке де риза.
Өкшелері алынатын туфли
tanyaheathcanada
Енді балетканызды кешкі туфлиге оңай айналдырсаңыз болады. Бар болғаны биік өкше жалғай саласыз. Дизайнер Таня Хит әртүрлі түсте туфлилар мен өкшелер шығарады. Оларды өзара ұластырса болады. Көлік айдайтын қыз келіншектерге теңдесіз нәрсе, өкшені алып тастап көлікке отыра бер.
Суды әдемі үнемдейтін шүмек
Simin Qiu
Лондондық жас дизайнер Симин Циу (Simin Qiu) бірегей шүмек ойлап тапты. Шүмек әдемі көрінеді, сонымен қоса су ағынын әдемі бұралған спиральға айналдыру арқылы суды үнемдейді. Су ағыны әдемі су торы болып ағады. Трубина су ағынын 15%-ға шектейтіндіктен шүмек ресурс шығынын үнемдеген болады.
Мойынға тағатын шағын бақша
wearableplanter
Табиғатты жақсы көретіндерге арналған дизайнер Колин Джордан тамаша әшекей. Кішкентай сауыттар 3D-принтерінде басылған, ал гүлдер мен суккуленттер – тірі және қоректік қоспамен өседі. Оларды мойынға тағуға болады, жұмыс үстеліне қоюға немесе велосипед тұтқасына орнатуға болады.
Ванна-сфера
aizzz
Бұл керемет ваннаның авторы питерлік дизайнер Александр Жуковский.
Кез келген ағашқа шығуға арналған тасымалданатын баспалдақ
canopystair
CanopyStair баспалдағы арқылы кез келген ағашқа шығып, түсуге болады. Баспалдақ кез келген ағашқа оңай орнатылады әрі ағаш қабығын зақымдамайды.
Кітаптарды құлаудан құтқаратын суперкейіпкерлері бар кітап сөрелері
artoridesign
Суперкеіпкерлер болмаса кітаптар құлап кететін сияқты болып көрінеді. Ал шын мәнінде бұл батыл құтқарушылар магниттер арқылы тұр. Олар ең соңғы кітапта орналасқан магнитке тартылады.
Мәтіндік сағат
qlocktwo
Мәтіндік сағат сізді сол сәтті ұғынуға әсер етеді дейді авторлар. Сандар мен сағат тілдері болса мұндай әсер бермейді, олар тек уақыттың қалай тез өтетіндігін көрсетеді.
Сізді сүйетін кофе
behance
Сүйісетін кофеге арналған стақандар дизайнер Янг Ву-Сеок туындысы.
Аяқта нық тұратын аяқ киім
vibram
Жапон дизайнері Масая Хисимото аяқ киім аяққа дәл әрі нық болып және аяқтың әр иіліміне сай болуып түсуінің шешімін тапты. Дизайнерді дәстүрлі жапон орауының әдісі фурошика шабыттандырды. Аяқ киімде бау жоқ, ол аяғыңызға айнала жабысқыш арқылы бекітіледі.
Ай түріндегі білте шам
Armstrong
Ғарыштық білте шам өшірулі түрінде де өте әдемі көрінеді. Кешке жарық қарқындылығын реттеу оңай, сіздің қанша «кратерді» ашқаныңызға байланысты жарық өзгереді. Кешке жарық қарқындылығын реттеу оңай. Ғарышкер Армстронгтің құрметіне аталған шамды, ресейлік дизайнерлер командасы ойлап тапқан.
Көрінбейтін пернетақта
getnoki
Көрінбейтін пернетақта Noki - саусақ қозғалысын оқитын жұп білезіктерден тұрады. Өте әсерлі, бірақ соқыр басуды меңгермегендер не істейді екен?
Велосипедшілер үшін сигналдар проекторы
industrialdesignserved
Велосипедшілер үшін сигналдар проекторын жасау әзірбайжан дизайнері Эльнур Бабаевтің идеясы. Cyclee проекторы велосипедшінің маневрлері туралы жүргізушілерді ескертуге және қараңғыда оларға көрінуге мүмкіндік береді. Проектор отырғыштың артына орнатылады және белгілері автоматты түрде велосипед қозғалысына байланысты жанады.
Ескі ағаш түбірінен жасалған шам
Duncan Meerding
Бұл шамдардың әрқайсысы өз алдын бірегей болып табылады. Себебі олар орманнан алынған нағыз ағаш түбірлері. Олардың сызаттарына жарықдиод орнатылған. Шамдарды сонымен қоса орындық немесе үстелше ретінде де қолдануыңызға болады.
Өрнектелген оқтаулар
Vatek
Печеньяларға өрнек салуға болатын оқтаулар қарапайым әрі тамаша идея. Бұл оқтаулар Vatek шеберханасының туындылары. Өрнектері де тамаша.
Саусақтарда жанданатын сақиналар
m e r r y m e
«m e r r y m e» лақабымен жұмыс істейтін суретшінің әшекей бұйымдары үш бөлек сақинадан тұрады. Бөлек алғанда сақиналар қарапайым көрінеді, ал егер оларды бірге жинаса олар жанданады. Оларды бөлек саусақтарға кисеңіз керемет көрініс көресіз: жаңғақты кеміріп жатқан тиын. Ал егер үш сақинаны бір саусағыңызға кисеңіз жануар немесе құс саусағыңызды құшақтап тұрған болады.
Мысықтарға арналған үстелдер
lycs-arc
Бұл үстелдер мысықтарды жақсы көретіндер үшін арнайы жасалған. Әртүрлі қуыстарды зерттеуді жақсы көретін мысықтарға бұл үстелдер ұнайды. Әр бұйым төрт кубтан құралған, оларды өзара қосуға немесе бөлек орындық ретінде пайдалануға болады.
Жастықпен нағыз шайқасқа арналған жиынтық
Bryan Ku
Жастықпен шайқасқанды жақсы көретіндерге арнап дизайнер Брайан Кудың шығарған арнайы топтамасы.