- 30 мау. 2021 00:00
- 161
"Дзюдо" спортшысы Құмар Олжаспен сұхбат
- Өзің және отбасың жайлы айта кетсең?
- Мен - Құмар Олжас. 2004 жылы мамыр айында Атырау қаласында, Ақжар ауылында дүниеге келдім. Отбасымда 5 адам: әжем, әкем, анам, ағам және мен. Әкем – мұнайшы, анам мұғалім боп қызмет атқарады.
- Спортқа қанша жасыңда келдің? Алғаш келген сәтің есің де ме?
- Спортқа 10 жасымда келдім. 2015 жылдан бастап нықтап кірісіп, дайындықты күшейттім. Жалпы, “Дзюдо” спортына қызығушылығым сол спортты көріп, бақылап жүргеннен кейін басталды. Теледидардан дюзюдоисттердің неше түрлі әдістер жасап, еңбектеніп, соның арқасында әлемдік деңгейге жеткені “қатысамын” деген ойға әкелді. Содан әкеме айтып, ол менің бастамамды қолдап, солай бұл спортты да алып кеттік.
- Алғашқы жеңісің мен жеңілісің?
- Алғашқы жеңіс те, жеңіліс те ерекше есте қалады ғой. Себебі, екеуі де мықтылығыңды шыңдай түседі. Алғашқы жеңісім Атырау облысында өткен турнирде, 32 кг салмақта болды. Күміс медальді қанжығама байладым. Жеңілісім Атырау қаласында “Чемпионат Қазақстанға” іріктеу болып жатырған кезде болды. Бірінші белдесуден ұтылдым.
- Спортта үлгі тұтар кумирің кім?
- Өзім қатысатын спорт “Дзюдо” болғандықтан, бар қызығушылығымда осыда. Негізі менде “кумир санаймын” деген адам жоқ. Мен үшін барлығы мықты. Алайда, нақты күресу әдісінен Елдос Сметовті ерекше айтуға болады. Күрес сәтіндегі қолданатын тәсілдері, үлгісі мақтауға тұрарлық.
- Қазақстаннан басқа елдерде де белдесіп, көк туымызды желбіретіп жүрсің. Шет елдердегі күресте ерекше сезім бола ма?
- Әрине, болады. Өз еліңдегі күрестен айырмашылығы да бөлекқой. Егер Қазақстанда күрессем өз қаламды, облыстың атын қорғаймын. Басқа елде, керісінше, Қазақстанның намысын бермеу керек. Сондықтан әлдеқайда үлкен жауапкершілік сезінемін. Ондай сәттерде менің мақсаттарым күшейе түседі, өзімді бірнеше есе жігерлендіріп, бірнеше есе мықтылай түсуге тырысамын.
- Спорттағы достық жайлы не айта аласың?
- Спортта да достық болады. Менің әр өңірден достарым көп. Барлығымен жарыс сәтінде танысып, араласып кеттік. Әлі де жақсы қарым-қатынастамыз. Шын мәнінде татамиге дейін барлығыда дос болады, егер күрес алаңына шықса қарсыласқа айналады. Менде де дәл солай. Өз намысыңды қолдан жібермеу үшін алаңда қарсыласта боласың. Алайда, өмірде сыйластығымыз бәрібір жоғары.
- Спортшы болу үшін, сол жолда биік белестерді бағындыру үшін қандай болу қажет?
- Спорт – ыждаһаттылық пен еңбекті талап етеді. Сол себепті, әрине, еңбекқор болу керек. “Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей” деген мақал бекер айтылмағанғой. Еңбек еткен адамға барлығыда болады. Бар күшіңізді салып, шыдамдылықпен күте білсеңіз, көрген, сезінген қиын сәттердің жемісі болары анық.
- Осы уақытқа дейін иеленген ең үлкен жетістігім деп нені айтар едің?
- Ол 2020 жылы Анталия қаласында өткен “Еуропа кубогінде” қола жүлдегер атанғаным. Осы үлкен жетістігім деп білемін.
- Ашық әңгіме үшін алғысым шексіз. Елдің намысын жібермей, көк туын биік қалықтататын дзюдоист болуыңа тілектеспіз!
Жұмабай Айымжан