Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Егеменді еркін ел
Сабақтың тақырыбы: «Егеменді еркін ел»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының «Егеменді еркін ел» екендігін, тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз туралы оқушыларға жете ұғындыру.
Дамытушылық: қосымша тапсырмалар орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тарихи таным қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, туған жерін қорғауға, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, СТО элементі салыстыру, тест.
Типі: аралас сабақ
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: суреттер, бүктеме, сызбалар, Қазақстан Республикасының картасы, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау, қажетті құралдарды дайындау.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасымен жұмыс «Кім зерек?»
1. Қалмақтың жас батыры неге жекпе - жекке Қабанбайды атап шақырды?
2. Тасы өрге домалаған – ісі алға басқан,
Түп дегенде түкірігі жерге түспей – уақыты жоқ
Қылышынан қан тамған – жеңіске жету
Дес бермеген – мүмкіндікті қалт жібермейді.
3. Мәтінде аталған жер, су атауларын картадан тауып көрсету.

Топтастыру стратегиясы

IV. Өткенді бекіту, бағалау
V. Жаңа сабақ
Ой қозғау. Мұғалім сөзі
Қазақ тарихында – ғасырда қазақ жерін жоңғар қалмақтардан құтқарып қалған батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шапырашты Қарасай, Шақшақұлы Жәнібек, Батыр Баян, Албан Хангелді, Райымбек батыр бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалды.
1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісте халық үшін шыққан батырлар Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Т. Бокин ержүрек ағаларымыз елге теңдік алып беру жолында күресті.
1986 ж қайтпас қайсар ұл – қыздарымыз алаңға шеруге шықты. Қазақстанды қазақтың перзенті басқар атасын деп ұрандады.
Міне, осындай ерліктің ата – бабамыздың ержүректігінің арқасында егемендігімізді, тәуелсіздігімізді алдық.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Егеменді еркін ел».
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар одағы (КСРО) деп акталған ірі империяның құрамында еді. КСРО - құрамында Қазақстаннан басқа 14 ел болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама