Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Егер мен ақын болатын болсам!

Ақындықтың шығар шыңы көп еңбекті қажет етеді.Ақын болу қиын.Сөз сүмбілелері өз жүрегінің үнін тыңдай отырып,жүрек түкпіріндегін қағаз бетіне қопарады.Ақын болу үшін əр ойдың астындағы мағынаны түсіне білу керек.

Егер де мен ақын болсам,өмірді өзгерту үшін қаламымнан маржандай төгіліп тұратын сырлы сөздер жазатын едім.Əр адамның бойында алып күш жатқандығын сезіндіріп,оның ойын өзгертетін едім.Қаламымның сиясын тауыссам да,адамдарға шабыт беретін туындылар шығаратын едім.Сол арқылы өзіме шабыт алып,кең ойдың құшағында өзіме-өзім мəз болып отыратын едім.Туған жерім жайлы қорғасындай ауыр сөздер,жалынды жырлар шығарып,жылы жүректен-жылы жүрекке,ешқашан өшпейтіндей етіп жыр шумақтарын тілге тиек ететін едім.Эхх,шіркін,ақындық деген менің бойыма тума талант болып біткенде ғой.Жүрек түкпірімдегі сөздерді қағаз бетіне қаламыммен қопара салатын едім.Еш өзгеріссіз,еш өтіріксіз,жалғансыз.

Əр адамның жүрегінде тебіреніп жатқан сөздер болады.Əр адамда ақындық талант болады,тек қана сол талантты аша білу керек.Айтады ғой "көкейдегі көрікті ойдың,ауыздан шыққанда қадірі кетеді"деп.Ақын болу қиын екенінің дəлелі осы сөз шығар,бəлкім.Егер де сіз,сөз ұстасы ақын болатын болсаңыз,қандай тақырыпта ой қозғайтын едіңіз?

Тұрғанбек Бибіфатима


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама