- 14 сәу. 2023 00:00
- 220
Екі адамдық армия
1912 жыл. Ағылшындар Үндістанды жаулап алады. Үндістан патшасы османдықтардан көмек сұрайды. Осман мемлекеті 350 адамдық әскерді кемемен Үндістанға жібереді. жиырма шақты адам жолда ауырып шәйіт болады, қырық шақты адам тұтқынға түседі, қалғандары соғыста шәйіт болады. Тұтқындарды ағылшындар кемелерде жұмыс істете бастайды. Кеме Австралияда тұрғанда екі османдық әскер жолын тауып кемеден қашып кетеді. Уақыт өтуімен Австралияның Сиднейге жақын бір елді мекенінде қалып, екеуі ата кәсіппен айналысады.
1918 ж Австралия үкіметі Еуропа елдерінің Османлы мемлекетіне қарсы бастаған Галлиполи соғысында Чанаккале қорғанына қарай әскерлерін жібереді. Мұны естіген екі Османдық әскер кездесіп «Австралия мемлекеті Осман дәулетіне соғыс ашып, біздің өлкемізді жаулап алуға шығыпты, осыған орай біз де Австралия мемлекетіне соғыс ашайық» деген шешімге келіп, Австралия үкіметіне мынадай хат жазады:
«Еліміз Осман мемлекетіне Австралия мемлекті ретінде соғыс ашқандарыңды естідік. Біз де Осман әскерлері ретінде Австралия мемлекетіне соғыс аштық. Бұл османдықтардың соғыс жарлығы».
Сиднейден 250 км ұзақтықта Қарлытаулар деп аталатын аймақта алдымен темір жол рельстерін шешіп үш поезді аударады және үшінші поезден әскери жабдықтар тауып қаруланады. Кейін сол аймаққа сегіз жерден күзет қойылады. Олар күзеттегі әскерлерді түгелдей қырып салады. Бұл оқиғаларды түсінбей шешімін таба алмаған Австралия үкіметі соңында екі османдықтың хат жіберген аймағына 250 әскер жібереді. Бірнеше күндік іздеулерден кейін қызу соғыс болып екі османдық әскер осы Қарлытауларда шәйіт болады. Бұл әскерлердің мазары қазір Қарлытауларда және мазарларын сүретке түсіруге тыйым салынған. Австралиялықтар «Екі Османдық әскерімен соғыстық» деп айтуға қиналғандықтан, бұл әскерлерді «Үндістан текті әскерлер» деп атаған. Алайда Үндістан жерінде мазартастарында жазылғанындай Қаратеңіз өлкесі, Карахисар өлкесі деп аталатын ешқандай мекен жоқ.
Бұл мәліметтер Үндістан елшілігінің жазбаларынан алынған.