- 25 қаң. 2023 00:00
- 237
Экологияның маңызы бар ма?
Экология - адам мен қоршаған орта арасындағы байланыс. Яғни, экология белгілі бір мағынада жердің болашағына қатысты зерттеулер жүргізе алатын жалғыз ғылым. Бұл біздің өмір сүріп жатқан ортамыз десек те қате емес. Алайда осы экологиямыз құртылуда. Табиғатымыз ластанып, планетамыз экологиялық апаттың кесірінен жойылуы мүмкін деген сыбыс бар. Неліктен? Қалай? Ол сұрақтарға қазір жауап беретін боламыз.
Экология қазіргі сәтте ең өзекті мәселелерге айналып отыр. Әлем бойынша да, Қазақстан бойынша да экологиялық мәселелер көбеюде. Оның бірден-бір себебі - адамдар. Ғалымдардың айтуы бойынша бізде климаттық апаттың алдын алуға небәрі 3 жыл қалды. Мысалыға, жаҺандық жылыну. Барлық континенттерде суық күндердің саны азайып, ыстық күндердің мөлшері артуда. Оған себеп - қазба отындарын жағу, ауылшарушылығы, ормандарды кесу атмосферада парникті газдардың (көмірқышқыл газы, метан, азот оксиді, фторлы газдар) жиналуына әкеледі. Бұл газдар күн энергиясын өздеріне сақтайды, нәтижесінде атмосфераның төменгі қабаттары мен жер беті қызады. Ал жер беті қызса, көптеген қауіп төнеді:
- Жер сілкінісі.
- Су тасқыны, толқындардың күшеюі.
- Дауылдың болуы.
- Цунамиге әкеліп соғады.
Тағы бір мәселе ол - қоқыс. Қаланың өсуі жалғасуда, өмір сүру деңгейі көтерілуде, ал қоқыстар көбеюде. Оған да себеп бізбіз, яғни адамдар. Адам әрекетінен пайда болатын қоқыстар ауаны, суды, қоршаған ортамызды ластауда. Қарап тұрсақ жан-жағымыз қоқыстарға толы. Соны байқайсыз ба? Соның кесірінен қаншама жануарлар, өсімдіктер өлуде. Мұхиттар қоқысқа толы. Мысалы, пластикалық қоқыстар біз үшін жәй ғана пластикалық бөтелке болғанымен, жыл сайын қаншама жанурлар, балықтар өліп жатыр. Егер адамдар пластикалық заттарды тастай беретін болса, онда мұхиттарда балықтардан қарағанда пластиктер көп болады. Сол себептен, бір рет пайдаланатын заттардан гөрі қайта пайдалануға болатын заттарды таңдаған жөн. Ол өзіміз үшін де, қоршаған орта үшін де пайдалы болмақ.
Қорытындылай келе, экологиямызға аз да үлес қоссақ, әлі талай ғасырлар қоршаған ортамыз өмір сүреді. Сол себептен экологияның маңызы зор. Қоршаған ортамызды тазалап, экологиямызды сақтайық!