Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ел бойынша маска тағу режимі қайта енді

Қазақстан бойынша медициналық маска тағу режимінің қайта енгізілуі жарияланды. Бұл шешім бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысына сәйкес қабылданды.

Медициналық маска тағу режимі, денсаулық сақтау мекемелерінде, халықтың көп шоғырланған орындарында және қоғамдық көліктерде бетперде киюді міндеттейді. Бұл талап, COVID-19, тұмау, қызылша және басқа да ауа арқылы таралатын вирустық инфекциялардың кең таралуын болдырмау мақсатында енгізілген.

Бетперде кию тәртібін енгізу және бақылау жұмыстары, әр облыстың, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына жүктелді. Бұл шаралардың барлығы халық денсаулығын қорғау және инфекциялардың таралу қаупін азайту мақсатында қабылдануда.

Бұл өзгерістер, жалпы қоғамдық денсаулықты қорғау және вирустық инфекциялардың алдын алу стратегиясының маңызды бөлігі ретінде, халық арасында кеңінен түсіндірілуі және қолдау табуы тиіс.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама