- 05 жел. 2019 00:00
- 202
Ел перзенті
Қазақ халқы өзінің батыл ұл-қыздарын әрқашан Ер деп бағалай білген. Еуразияның ен кеңістігінде көшпелі өмір кешкен бабаларымыздың жері мен елін қорғау жолында аянбай қан төккеніне көне тарих куә. Атилла, Алып Ер Тұңға, Күлтегін, Тоныкөк, Алпамыс, Қобыланды сынды аты ұрпаққа аңыз бабалардың ерлікке толы жолы қазақтың тарихында толастаған емес. Елдің іргесін қалауда найзасы мен қаламын, отты жырларын қатар алып жүрген ерлер қаншама? «Отанды сүю-иманнан» деп ұрандаған жыраулардан бастап, талай қазақ ерлері елін қорғау жолында жан кешті.
Қараңғылықтың тұңғиығына бойлап, орыс отарына жұтылып бара жатқан еліне арыстандай ақырып, сара жол нұсқай білген дана Абайды батыр емес деп кім айтады? Жүрегінде батылдық, қайраты қатар жүрген осы данышпан аталарымыздың арқасында мемлекет атандық.
Сондай-ақ бүгінгі ұрпаққа желісін үзбей, отын сөндірмей қазақтың қызығын да, рахатын да , тарихы мен бай мұрасын салиқалы саясатының арқасында жеткізіп отырған мемлекет басшысының көсемдігі мен шешендігі, білімі мен білегінің арқасында қазақ елі әлемге танылуда. Осындай елімізде жүзеге асып жатқан өміршең өзгерістердің басында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, соны сезінбеу,оның ел үшін тындырған ұлан-ғайыр істерінің түп-төркініне көңіл жүгіртіп,айтпай кету мүмкін емес. Өмірдің талай бел-белестерінен өтіп, мемлекет тізгінін халықтың қалауымен сарабдал саясатының қарқысында қорашты қарқынмен дамып келе жатқандығы әлемге аян. Мұны әлемнің көптеген белгілі саясаткерлері де мойындап, Отанымыздың әр қадамына қызыға көз тігіп, қадағалап отырғаны жасырын емес. Ортақ үйіміздің бүкіл жұртшылығы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп, өзінің ауыр жұмыста ай сайын, жыл сайын толысып, нағыз мемлекеттік парасат билігіне көтерілгендігін іс-жүзінде танытты. Бұл- Нұрсұлтан Әбішұлының саясаткер ретінде алысты көре білетін қасиеті мен дер кезінде қабылдаған батыл шешімдерінің нәтижесі екендігіне көзімізді жеткізе аламыз.
«Отан-оттан ыстық» демекші қазақ халқының атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырында:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер,- деген қарапайым жолдарда туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.Сондықтан да елбасы атамекен топырағын мекендеген отандастарымыздың бәрі-бәрін ортақ үйіміздің көріктеніп, жетілуі үшін, сиыр бүйректенбей, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұжымдаса жұмыла, кіршіксіз адал ниетпен берекелі еңбек етуге, ата-бабаларымыздың қасиетін,қазақ жастарының қанына сіңуіне атсалысып,еңбек етуге қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали бабамызмың
Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаңменен далаң да,
Болашақта барлығыда сендердікі, жас ұрпақ, деген өлең жолдарымен қазақ жастарының бойына патриоттық сезімді ұялатып, бабалар мұрасынының мол дүниесі жастар қолында, яғни жиырма бірінші ғасыр-жастар ғасыры деп тәуелсіз ел ұрпақтарына сенім артты.
Нестер Дана