Электрмагниттік құбылыстар бөлімін қайталау
Сабақтың тақырыбы: «Электрмагниттік құбылыстар» бөлімін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Электрмагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу, білімді талдап қорыту, жалпылау
Дамытушылық: Оқыған материалды қорытындылай отырып, салыстыра білу, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру
Тәрбиелік: Оқуға қызығушылығын арттыруда оқушыларды экономикалық
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: Сұрақ - жауап, тәжірибені демонстрациялау
Көрнекіліктер: Ақша үлгілері, лотерея билеттері (есептер жазылған үлестірмелер), гальванометр, 2 шарғы, өзгеше, трансформатор, реостат, электр қоңырауы, сымдар, рама, магнит тілшесі, ток көзі, кілт, тұрақты магниттер(жолақ, таға), амперметр, вольтметр, диод, электрондық оқулық, интерактивті тақта, мадақтау грамотасы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: (3 мин)
2. «Білім биржасы» ойыны (40 мин)
• Сұрақтар (15 мин)
• Тәжірибені демонстрациялап көрсету және түсіндіру (15 мин)
• «Кім қырағы?» (10 мин)
3. Бағалау (1 мин)
4. Үйге тапсырма (1 мин)
Ұйымдастыру:
• Оқушылармен амандасу.
• Оқушыларды түгендеу.
• Сабақ мақсатын түсіндіру:
Өз есептеріңе қаржы жинау үшін
«Білім биржасы» ойыны
«Сұрақтар»
Бүгінгі сабақты өткізу үшін бізге Қазақстан Халық Банкі керек. Бұл банкте сендер тапсырмаларды орындағанда мадақтау ретінде беретін ақшам бар, бірақ ол аз. Демеушілік жасап, өз есептеріңнен банкке 100 Евро салуларыңды сұраймын (Әр оқушыға 500 Евродан беріп қоямын). Банкте жұмысты бастау үшін қажетті қаржы бар. Банк өз жұмысын бағасы 100 Евро тұратын лотерея сатудан бастайды. Сондықтан бір - бір лотерея билеттерін сатып аламыз, олардың арасында бақытты билеттер де бар. Егер сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, ақшаларың қайтарылады, олай болмаса ақша банкте қалады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға банк қосымша ақша төлейді. Қосымша берілетін ақша 200 Евро. Билеттердегі тапсырмалар видео - сұрақтар түрінде беріледі. Видео - көрініс сұрақтардың мазмұны:
Тәжірибені демонстрациялап көрсету және түсіндіру
(Тәжірибеге қажетті құралдардан тізбекті құрып, тәжірибені дұрыс жасағаны үшін және осыны түсіндіргені үшін 1000 Евро беріледі. Ал, егер тізбекті құрып, тәжірибені дұрыс түсіндіре алмаса, жинаған есебінен 100 Евро алынады)
1. Эрстед тәжірибесі
(1820 жылы дат ғалымы Эрстед тәжірибе жасады. Ол мыс өткізгішті магнит тілшенің үстіне оның осіне параллель орналастырды. Өткізгіш арқылы ток жіберген кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпынан ауытқиды. Тізбекті ажыратқанда магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпына келеді. Оның ауытқу бағыты өткізгіштегі токтың ауытқу бағытына байланысты болады).
2. Фарадей тәжірибесі
(1831 жылғы тәжірибесінде ағылшын ғалымы Майкл Фарадей магнит өрісін өзгерткенде электр тогының пайда болу құбылысын ашты. Бұл құбылысты электромагниттік индукция деп атайды. Екі шарғы алайық. Оның біреуін (А) гальванометрмен, екіншісін (В) ток көзімен жалғайық. Галванометрге жалғанған шарғыны екінші шарғыға кигізеді. Егер А шарғы В шарғыға қарағанда қозғалыссыз болса, онда В шарғының магнит өрісі қандай күшті болса да, оның ішінде ток болмайды. Егер А шарғыны қозғалыссыз қалдырып, В шарғыны қозғалтса, ток пайда болады. Екі шарғыға темір өзекше енгізе отырып, оны магниттейді. Магнит өрісі күшейеді. Өзекшені шығарғанда өріс кемиді. А шарғы тізбегінде тек өзекше қозғалғанда ғана ток жүреді.)
3. Раманың айналуы
(Раманың жазықтығы өрістің күш жазықтығына параллель орналасқан. Сол қол ережесін пайдаланып, рамаға әрекет ететін күштерді табамыз. Тік бұрышты раманың бөліктері бірдей және параллель. Сондықтан раманың бұл бөліктеріне түсірілетін күштер де бірдей және параллель. Демек, рамаға екі күш түсіріледі. Солардың әрекетінен рама бұрылып, жазықтығы өріске перпендикуляр болатындай орналасады)
«Кім қырағы?»
Бұл бөлімде көз алдарыңнан бірнеше құрал - жабдықтар өткізіледі. Содан кейін есте қалған құралдардың тізімін жазып шығуларың керек. 13 - 15 сөз жазғандарыңа 500 Евро, 10 - 12 сөз жазғандарға 200 Евро, 8 - 10 сөз жазғандарға 50 Евро ақша төлейді.
Құралдар тізімі:
1. Амперметр
2. Вольтметр
3. Диод
4. Сымдар
5. Кілт
6. Ток көзі
7. Рама
8. Таға тәрізді магнит
9. Жолақ тәрізді магнит
10. Магнит тілшесі
11. Шарғы
12. Өзекше
13. Трансформатор
14. Реостат
15. Электр қоңырауы
Бағалау:
Сабақ барысында 1600 - 1800 Евро қаржыны өз есептеріне жинаған оқушыларға «5», 1300 - 1500 Евро жинағандарға «4», 1300 - ден төмен жинағандарға «3» деген баға қойылады.
Үйге тапсырма:
«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша сөзжұмбақ, тест құру