Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Елена Рыбакина мен Александр Бублик Наурыз тойына ұлттық киім киді

Қазақстанның ең танымал теннисшілері Елена Рыбакина мен Александр Бублик Наурыз мейрамының құрметіне ұлттық киімдерін киіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл шара 18 наурызда аталып өтетін «Наурызнама» онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күніне арналды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарық көрген суреттерде Рыбакина мен Бублик, сондай-ақ құраманың басқа да мүшелері қазақ халқының дәстүрлі киімдерінде көрінеді. Федерацияның хабарлауынша, бұл шара ұлттық киімнің сұлулығын айшықтап, мәдени бірегейлікті, ұлттық мұраны және мақтаныш сезімін сақтауға бағытталған.

Теннис жұлдыздарының жаңа бейнесі

Жарияланған суреттер желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды. Себебі, бұл жолы басты кейіпкерлер – қазақстандық теннистің көшбасшылары. Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұрса, Александр Бублик ATP рейтингінде үздік ондыққа еніп, қазақстандық теннис үшін елеулі жетістіктерге қол жеткізгені белгілі.

Жаңалықтар

Жарнама