Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы
7 класс
Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтерін, халқына арналған Жолдауларын оқушыларға түсіндіріп, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, әр азаматтың еліміздің дамуына өз үлестерін қосу.

І. Мұғалім сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Олай болса «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» - атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ІІ. Әнұран орындалады. Слайд.
Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады. – дегендей
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан» деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.
Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен салихалы саясатының арқасында!

ІІІ. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер?
Президент өмірбаянынан мағлұмат.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған. Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы темір жол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойынқұюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс - шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі «Елбасы жолы» фильмі туралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауы мен экранға былтыр шықты.
Отбасылық жағдайы туралы не білесіздер?
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Қазақстанның бірінші ханымы.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; халық қалаулысы
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

- Жұмысшы Нұрсұлтан жайлы не білесіздер?
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

- Президенттің саяси өмірбаянының бастауы
• 1991 жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
IY Слайд. Президент өмірбаяны.

Y. Өлеңдер оқылады.
Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер» өлеңі.
Сөйлесіп бір жүрген қай кезіңде де биік қоясың,
Халықпен бірге ашынасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңын мұңдайтын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.
Соңыңа ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрсем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.,
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білсең не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп бағасын өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Елбасы
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама