Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
2 сынып
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға жануарлар дүниесінің әртүрлілігі туралы түсіндіру. Жануарлардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, ой - өрісін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
б) Тәрбиелік: Жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасап, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, топтастыру, әңгімелеу, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта
Жануарлардың суреттері ( үй жануарлары, жыртқыш жануарлар, өсімдікқоректі жануарлар, жәндікқоректі жануарлар, бақа, торғай, ешкі, сазан, шыбын, жылан, кірпі, қоян, ақкіс, борсық, аю )
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
1, 2, 3
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
2. Үй тапсырмасы:
«Өсімдіктердің тіршілігі» бөлімін қайталау.(1слайд)
Сұрақтарға жазбаша жауап беру:
1. Өсімдік ----------------- ағза. (тірі)
2. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
(3 топқа: ағаш, бұта, шөп)
--------------------------------------------------------------------------
3. Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
(ауа, су, жарық, жылу, қорек)
------------------------------------------------------------------------------
4. Өсімдік мүшелерін жаз:
( тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, жемісі)
-----------------------------------------------------------------------------
5. Жемістің түрлерін жаз: (құрғақ және шырынды жемістер)

6. Өсімдіктер қандай топырақта жақсы өседі?
(құнарлы топырақта)

7. Өсімдіктің көбею жолдары:
(тұқымнан, пиязшықтан, түйнектен, сабақтан)
8. Дұрыс жауаптармен сәйкестендір:
Қыста жапырақтар түседі
Күзде өсімдіктер көктеп шығады
Көктемде өсімдіктер пісіп жетіледі
Жазда өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды
Сұрақтарға жазған жауаптарын оқыту, талдау. (2слайд)
3. Үй тапсырмасын бекіту:
- Өсімдік - табиғаттың бір бөлігі. Оны қорғау әрбір адамның азаматтық борышы. (3слайд)
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Ағаштарды сатпаймыз.
4. Жаңа сабақ:
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.(4 слайд)
Кіріспе.
- Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн - дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан - джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан - джанвар» қазақша - жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар 6 топқа бөлінеді. (5 слайд)
Оқулық бетіндегі суреттермен жұмыс: (6 слайд)
1) Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын еске түсіру:
Бақа - қосмекенділер тобы.
Қосмекенділердің - 4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Торғай - құстар тобы.
Құстардың - 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
Ешкі – сүтқоректілер тобы.
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Сазан – балықтар тобы.
Балықтардың - 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Шыбын – бунақденелілер тобы.
Бунақденелілердің – 700 000 түрі бар.
Жылан – жорғалаушылар тобы.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
2) Суреттегі үй жануарларын атау: (7 слайд)
Ит, сиыр.
3) «Аңдардың күзгі тіршілігі» тақырыбындағы (1 – сынып) борсықтың, аюдың, ақкістің, қоянның сөздерін еске түсіріп, әрқайсының немен қоректенетінін әңгімелеу. (8 слайд)
Борсық:
- Жапырақ арасына тығылып қалыпты. Қоңызды зорға таптым! Күз түскені осы ғой. Сені жеп алайын, тәтті шөпті содан соң іздермін. Семіруім керек. Әне, аю семіріп алыпты. Қыс бойы жақсы ұйықтайды.
(қорегі - бунақденелілер, шөп )
Аю:
- Жидек те тәтті - ақ! Енді жалайтын ара балы, жейтін құмырсқа болса ғой, шіркін! Е, қу бұтақ, жапырақ төсеп, апанды жылылау керек екен ғой. Ұзақ ұйықтауға жайлы болады.
(қорегі – жидек, ара балы, құмырсқа, балық)
Ақкіс:
- Тышқандар менен қашып құтыла алмайды!
(қорегі – тышқандар)
Қоян:
- Мен азық жинамаймын. Әзірге мен жейтін шөп бар. Қыста бірдеңе табылар... Тонымды ауыстыру керек екен - ау. Қыс та тақалды.
(қорегі - өсімдік)
4) Мәтінді оқу, түсіндіру. (9 слайд)
Жыртқыш жануарлар: мысық, ит, ақкіс, қасқыр, жолбарыс.
Өсімдікқоректі жануарлар: жылқы, қой, сиыр, қоян, аю.
Жәндікқоректі жануарлар: кірпі, борсық.
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар. (10 слайд)
Адам мен өсімдік сияқты жануарларға да бес түрлі жағдай қажет. Ол жағдайлардың бірі жоқ болса жануарлардың тіршілік етуі қиындайды.
Сұрақтарға жауап беру.
5. Дәптермен жұмыс: (11 слайд)
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар: ауа, жылу, жарық, су, қорек.
6. Сергіту сәті: (12 слайд)
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
7. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары: (13 слайд)
1 - топ: Мына суреттегі жануарлардың қайсысы қайда тұратынын анықтап, сәйкестендіріңдер (сызып ):
Ара --------- апан
Торғай ----- ін
Аю ---------- тауық қора
Әтеш ------- ат қора.
Жылқы ----- ұя
Түлкі ------- кәрез (ара ұясы)
2 - топ: Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын анықтап, сызып сәйкестендіріңдер:
бақа --------- сүтқоректі ----------- жылан
қарға -------- бунақденелі --------- сазан
кесіртке ----- балық ---------------- маса
жылқы ------ құстар ---------------- тоқылдақ
шортан ----- жорғалаушылар ----- ешкі
ара ---------- қосмекенді ----------- көбелек
3 – топ: Жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп топтастыр: Ит, жолбарыс, аю, мысық, түлкі, сиыр, түйе, сілеусін, қасқыр, жылқы, қой.
Үй жануарлары (ит, мысық, сиыр, түйе, жылқы, қой)
Жабайы жануарлар (жолбарыс, аю, түлкі, сілеусін, қасқыр)
8. Сабақты қорыту:
- Жануарлар топтарын ата.(14 слайд)
- Қандай жануарларды өсімдікқоректілер дейді?
- Қандай жануарларды жыртқыштар дейді?
- Қандай жануарларды жәндікқоректі жануарлар дейді?
- Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды атаңдар.
9. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінік айту. (15 слайд)
Бір жануардың суретін салып, тіршілігін сипаттап жазу.
10. Оқушылардың білімін бағалау.
Тараз қаласы № 42 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Жолшибекова Индира Турганбековна
Санаты: жоғары