Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Еліктің лағы
Сабақтың тақырыбы: Еліктің лағы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Жануарларға деген қамқорлық жайлы түсінік бере отырып, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу.
Негізгі идея:
Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.
Оқудың нәтижесі: Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, өзінің қызметіне анализ жасай алуы;
Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойлану;
Шығармашылық жұмысқа баулу.
Жаңа сабақ бойынша оқушы қызығушылығы, ізденісі.
Тапсырмалар: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, салыстыру кестесі, көрнекілік стратегиясын пайдалану
Сілтеме: 2 - сынып «Ана тілі оқулығы» Б. Т. Қабатбай
С. Р. Рахметова, П. Қ. Жаманқұл. Ғаламтордан алынған мәліметтер
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, үн таспа кубик, зерттеу, шолу стратегиясына арналған көрнекілік, ой толғауға арналған венн диаграммасы, ассоциациясына арналған көрнекілік.

Мұғалімнің іс әрекеті
І. Ұйымдасыту.
Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.
Позитивті түрде сабақты бастау.
Үй жұмысы
«Ыстық орындық» әдісі
ІІ. Қызығушылығын ояту.
1. Ойлан, тап оқып шеш. ойын.
3.«Адасқан сөздер» ойын
Тақырыпқа байланысты тыйым сөздердің орналасу тәртібін тауып мағынасын ашу. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып таныстыру.

ІІІ. Мағынаны таныту
Мәтін бойынша ауызша баяндалған роликті интерактивті тақтадан көрсетемін
1. Білу кезеңі «Миға шабуыл»
- Ауа - райы қандай еді?
- Жолмен келе жатқан кім?
- Ол неге мылтықты қолға алды?
- Неге ызаланды?
- Түймебай елікті неге атпады?
2. Түсіну кезеңі. «Ой қозғау»
А. Іздеуші топ. Мәтінге сүйеніп, аңшының неге ызаланғанын, неге көңілденгенін табыңдар?
Ә. Бейнелеуші топ. Мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсын тауып оқыңдар?
Б. Сөз тапқыш топ. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар?
3. Қолдану кезеңі.
Аңшыға мінездеме беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама