- 08 ақп. 2016 00:00
- 215
Елімізде 9-11 ақпан күндері 30 градусқа дейін суытады
9-11 ақпан күндері күн суытады, температура -30º дейiн төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Демалыс күндердегі аномальді жылы ауа-райынан кейін, қыс өзінің кәдімгі күйіне қайтып оралмақ. Оңтүстік-батыс тропосфералық ағымдар солтүстікке ауысып, сонымен бiрге Қазақстанға арктикалық кеңдік ауасы суық фронттармен келеді.
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында алдағы үш күнде қар жауады, көріну қашықтығы 500 м бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-25м/с-ге жетіп, түнгі температураның 23-30º төмендеуі күтіледі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын: жаңбыр арты қарға айналып, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады, тұман, көктайғақ пен ауа-райының суытуы күтіледі.