Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
NASA адамзаттың Марсты бағындыруын тексеріп көрмекші.(ФОТО)

NASA агенттігі адамдардың жабық жерде ұзақ сапарға аттану дайындықтарын тексеріп көрмекші. Бұл туралы Science Alert жазады.

Ғарыш агенттігі тәжірибе жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл үшін, 4 кісіні адамдардан оқшау жабық ғимаратқа қамамақшы. Осы арқылы, еріктілердің қиын шарттарда өзін-өзі қалай ұстауын зерттеу көзделуде.

Бұл тәжірибе 1 айға созылады. Осы 30 күннің ішінде, адамдар тар аядай капсулада интернетсіз және өзгелермен қарым-қатынас жасамай өмір сүреді. Сондай-ақ, үйде еріктілер өзара жиындар өткізеді, дене шынықтырумен айналысады, тамақтанады және өсімдіктерге қамқорлық жасайды.

Осылайша, NASA агенттігі адамзаттың Марсқа көшуін тездетпекші.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама