- 20 жел. 2021 00:00
- 310
Ең қымбат саңырауқұлақ
2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан. Бұл ақ трюфель саңырауқұлағы жердің астында өседі, әрі өте сирек кездесетін саңырауқұлақтың түрі екендігі белгілі. Одан пісірілген таңсық тағам (деликатес) болып саналады. Саңырауқұлақтың бұл түрінен жасалған тағамдар Еуропа елдерінде өте үлкен сұранысқа ие. Өйткені 2004 жылы саудаға түскен ақ трюфель саңырауқұлағы 40 мың евроға сатылған. Сонымен бірге, трюфель саңырауқұлағына деген сұраныс жыл сайын көбейіп келеді.