depositphotos.com
- 06 қаң. 2026 20:08
- 31
ЕНПФ төлемдері 1 қаңтардан 5% өседі: кімдерге әсер етеді, ең төмені — 50 851 тг
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕНПФ-тен төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5 пайызға индекстеледі. Бұл өзгеріс зейнеткерлердің кірісін автоматты түрде арттырып, ең төмен төлем шегін және есептеу тәртібін нақтылайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалай есептеледі
ЕНПФ мәліметінше, төлемдер мына тәртіппен жасалады:
- Төлемнің алғашқы жылы жинақталған сома 6,5 пайыз мөлшерлемеге көбейтіліп, 12 айға бөлінеді (6,5%/12).
- Келесі жылдары ай сайынғы сома жыл сайын 5 пайызға индекстеледі.
Ең төменгі және ең жоғары сома
Ай сайынғы ең төмен төлем тиісті қаржы жылына белгіленген күнкөріс минимумы мөлшерінің кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылы бұл шек 50 851 теңге болып айқындалған.
Максималды айлық төлемге шектеу қойылмайды: ол зейнетақы жинағының жалпы көлеміне байланысты.
Кімдерге көтермелеу коэффициенті беріледі
Көтермелеу (повышающий) коэффициенті мына санаттарға қолданылады:
- Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- Зейнет жасы жеткен және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары кемінде 60 ай көлемінде төленген азаматтарға.
Егер адам екі талапқа да сай келсе, ең жоғары мәндегі коэффициент қолданылады.
Маңызды ескертпе
Зейнетақы төлемдері жеке шоттағы жинақ толық таусылғанша жүргізіледі. Жинақталған қаражат салымшының меншігі болып табылады және қолданыстағы азаматтық заңнамаға сай мұраға қалдырылады.
-
Monthly ENPF payments will be indexed by 5% from 1 Jan 2026, with a floor of 50,851 tenge and an unchanged 6.5%/12 formula, plus uplift coefficients for select categories.