Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Ер емессің бе?

Бір жігіт өзімен қатты қалжыңдасып ойнап-күліп жүрген досының науқастанып, ауыр халде жатқанын естиді. Көңілін сұрайын деп келсе, досы өте жүдеп қалыпты. Қалған уақытын санауға кіріскенін сезеді. Досының бетіне үңіліп қарап, біраз тұрады да:

— Бір ауруға төтеп бере алмайтын, иің жұмсақ неғылған сорлы едің? — деп ренжиді.

— Не істеуге шарам бар? Тірілердің тізімінен мені өшіріп тастады ғой, әлгі қатігез Жалғыз Иең, — деп қамыққан екен досы.

— Бақырайт көзіңді, тарбайт қолыңды, серме аяғыңды, берме жаныңды. Ер емессің бе? Жігіт емессің ба? — деп қалжыңмен ұрсады досы.

— Шөлдегенде сусыныңды қандырып, көңіліңді жайландыратын, шіркін, әзіл-қалжың-ай, — деп досы дүние салып кетіпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама