Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ер есімі – ел есінде
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК "Айгөлек" балабақшасы тәрбиешісі
Жадырасын Джумагазиева

Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Жүргізуші: Жауды жеңіп салтанатты құрғандар
Отан үшін оттан жанып тұрғандар
Бәрінен де бақытты ғой жарандар
Жеңіс күні, жеңіс жылы туғандар

Ән: «Ән ұран»

Жүргізуші: Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Тәуелсіз қазақстанда
Батырларымыздың есімі біздің де есімізде қалады. Отанын қорғауға біздердің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан. Олай болса Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова апаларымыздың көрінісін тамашалайық.
Балалар айтындарш бұл көріністі кімдер туралы айтылған?
Балалар: Әлия Молдағұлова мен
Мәншүк Маметова
Жүргізуші: Халық қаһарманы қазақтың көрнекті жазушысы - бұл Бауыржан Момышұлы. Балалар экранға назар аударайық. Бұл көріністе кім туралы айтылған.
Балалар: Бауыржан Момышұлы.
Міне соғыстың, жеңіспен аяқталғанына 70 жыл өтті
Жүр: 9 - мамыр мерекесіне арнап тақпақтарымызды айтайық.

Нұрай: Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз.

Ернұр: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын

Хадиша: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Мереке: Желбірейді бейбітшілік жалауы
Орындалып жас ұрпақтың қалауы
Әлия, Мәншүк, жүрегі боп жанып тұр
Мәңгілік от - ескерткіші алауы

Дария. Ш: Отан ана отан жер
Менің жерім туған ел
Ата заңым ардағым
Төгер маған шуағын

Жайна: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

Жүр: 1. Ойын: «Окоп»
Ойынның шарты: «Қаппен секіру»
Жүргізуші: 18 жасында кеңес одағының Батыры атағын алған қазақ қыздары Әлия мен Мәншүк ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.
Көрініс: «Әлия мен Мәншүктің соғысқа аттануы»

Ақнұр (ана):
Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен
Ел қорғайтын ұл - қыздарым тұрғанда
Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Аружан (Мәншүк):
Отан ана жылағанда шерленіп
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те
Қолымызға қару алдық ерленіп.

Ақниет(Әлия):
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бейбіт, елге бақыт тіледік.
Отан ана, отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Жүргізуші: Бейбіт күні орнасын,
Елімізде әрқашан.
Тыныш өмір сүрейік,
Бейбітшілік күніңде

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: 1. Ойын: «Мерген»
Ойын шарты: «Ұшақ құрастыру»
Жүргізуші: Балалар сіздер отан, батырлар туралы мақал - мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?

Дилназ: Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы

Кәусар: Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.

Ақбота: Отан оттан да ыстық,
Жалыны бар шоқтан да ыстық.

Толғанай: Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ

Гүлайна: Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Ақбаян: Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.

Аружан: Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін

Ардақ: Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл.

Жүр: 1. Ойын: «Сөз құрау»
Ойын шарты: «Суретке қарап сөз құрау»
Жүр: Батыр ағаларымызға арнап тақпақтарымызды айтайық.

Айтнұр: Көшеде тулар самғаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Жеңіс тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей.
Жеңіс: Қару алып ағалар,
Қырға шығып аналар.
Жеңу үшін дұшпанды,
Ту көтерді бабалар.

Қалипа: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын

Сидра: Аспанда күн күлімдеп
Ата берсін нұр таңым
Көк байрағың желбіреп
Жаса, жайна Отаным.

Абдулла: Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін

Сымбат: Елімізде жерімізде,
Бүгін үлкен мереке.
Болашақтың тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар бүгінде.

Исмайыл: Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын күніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз

Жүр: Ата - ана мен ойын
Ойын: « Каушинг»
1. Денсаулық туралы ата - ана ойы
2. Баланың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Жүрг: Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: «Атамекен»
Жүр: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ел есімі - Ер есінде!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама